«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Степногорск қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 31.08.2026 - 01.09.2026 Қабылдау 1 этап: 31.08.2026- 01.09.2026 Қабылдау 2 этап: 02.09.2026 Эссе: 03.09.2026 Сұхбат: 07.09.2026 Анықтама телефоны: 87164555654 E-R-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 441254 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Степногорск қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, E-R-1 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Қала аумағында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Қалада жол қозғалысын реттеу жабдықтары мен құралдарын пайдалануды дамыту және жетілдіру. Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін ұйымдастыру. Өз құзыреті шегінде жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге мердігер ұйымдармен және жеке тұлғалармен шарттар жасасу. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қабылдауды қамтамасыз ету. Бөлімнің функционалдық жауапкершілігі шегінде қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу. Бөлімнің құзыреті шегінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асыру. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Қаланы санитарлық тазарту бойынша айлықтар мен сенбіліктер өткізу. Бөлімнің құзыреті шегінде орташа, ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың жекелеген түрлерін жүргізуге арналған жобалаусметалық құжаттаманы келісу. Қала әкімдігі жанындағы комиссияларға қатысу. Бөлім қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының тапсырмаларын орындауды, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарауды үйлестіру және бақылау. Бөлім мамандары арасында міндеттерді бөлу. Бөлім мамандарының біліктілігін арттыру мәселелерін шешу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгібілім, кәсіби білім: ұшу аппараттары мен двигательдерін техникалық пайдалану, математикалық және компьютерлік модельдеу, көлік құрылысы, көлік, көлік техникасы және технологиялары, көлік қызметтері, ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, электротехника және автоматтандыру, морской транспорт и технологии, воздушный транспорт и технологии
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес; 4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.»;
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.