Степногорск қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.08.2026 - 14.08.2026
Қабылдау 1 этап: 13.08.2026- 14.08.2026
Қабылдау 2 этап: 17.08.2026
Эссе: 18.08.2026
Сұхбат: 21.08.2026
Анықтама телефоны: 87164555654
E-R-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 441254
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Мемлекеттік активтер және сатып алулар бөлімінің басшысы , E-R-1
(Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау. Тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және
өткізуді жүзеге асырады, конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы
әзірлеуге қатысады, конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер
және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасайды, Мемлекеттік
сатып алуды өткізу туралы хабарландыруларды орналастырады, әлеуетті өнім
берушілердің өтінімдерін біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама
талаптарына сәйкестігін қарайды, заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың
жеңімпазын айқындайды. Мемлекеттік мүлік тізіліміне даму жоспарларын,
қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жарғылық капиталында
мемлекеттің қатысуымен АҚ (ЖШС) Даму жоспарларының орындалуы
бойынша есептерді енгізу бойынша мониторинг жүргізеді. Акцияларының
бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі қалалық коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорындардың, АҚ (ЖШС) Қаржы-шаруашылық қызметін
талдау жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған
(айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі
пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; қалалық коммуналдық мүлікті
мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді; сенімгерлік
басқарушының қалалық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шарты
бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады; қалалық
коммуналдық мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға өтеусіз пайдалануға
береді; қалалық коммуналдық мүліктің құрамына кіретін қалалық
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі
(дамуы) жоспарларының орындалуына талдау жүргізеді.; мемлекеттік
кәсіпорындар басшыларының өткен жылғы Қаржы - шаруашылық қызметінің
нәтижелері туралы жыл сайын тыңдалуын ұйымдастырады; Мемлекеттік
кәсіпорындардың жоспарлау және орындау мәселелері жөніндегі қызметін
үйлестіруді ұйымдастырады; жоғары тұрған мемлекеттік органның басшылығы
айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Заңды және жеке
тұлғалардың өтініштерін есепке алу мен тіркеуді бақылау, ЭҚАБЖ
бағдарламаларында, "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесінде
электрондық құжаттармен жұмыс жасау.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, кәсіби білім: менеджмент, құқықтану, экономика, қаржы, есеп және
аудит
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің,
аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік
әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның
штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5,
B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан
төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе
арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери
қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан
кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық
лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде
басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.»;
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.