Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу
жөніндегі қалалық комиссия отырысының
хаттамасы
Степногорск қ. № 7 13 шілде 2026 жыл
Төрағалық етті: Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Д. Оспанов.
Қатысқандар: мемлекеттік кірістер басқармасының, қала кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, дербес бөлімдердің басшылары, комиссия мүшелері.
І. Әлеуметтік төлемдер (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) берешегін өтеу бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы
(А.А. Асамбаева )
ІІ. «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінің жұмысы туралы.
(С.Н. Лаврентичева)
Кент және ауыл әкімдеріне:
- халық арасында еңбек қатынастарын ресми түрде рәсімдеу және жұмыспен қамтуды заңдастыру қажеттілігі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
- мемлекеттік ақпараттық жүйелерге мәліметтердің уақтылы енгізілуін және олардың өзектендірілуін қамтамасыз етіп, нақты және есептік деректер арасындағы сәйкессіздіктерге жол бермеу;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде қайтыс болу фактілерін уақтылы тіркеу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және мүдделі қызметтермен өзара іс-қимыл жасай отырып, тиісті шаралар қабылдау;
- «ӘЦЖО» модулында мамандардың күнделікті жұмысын қамтамасыз етіп, деректердің уақтылы өзектендірілуін тұрақты бақылауда ұстау.
- мемлекеттік қолдау шараларының атаулылығын қамтамасыз ету мақсатында «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі деректердің сапасы мен дұрыстығын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру.
IIІ. Жұмыссыздардың басым санаттарын жұмысқа орналастыру туралы.
(А.Б. Ақжанова)
- жұмыссыздардың басым санаттарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында атаулы жұмысты қамтамасыз ету;
- жұмыссыз азаматтар арасында жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу тәртібі және қолда бар бос жұмыс орындары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
- жұмыссыздардың басым санаттарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша апта сайын мониторинг жүргізіп, ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейін төмендету жөнінде шаралар қабылдау;
- жүргізілген жұмыс және қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпаратты 2026 жылғы 27 шілдеге дейін Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсыну.
Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Д. Оспанов
Жұмыс берушілердің өкілі,
«Astana-Nan Chemicals» ЖШС
филиалының директоры Т. Уәли
Кәсіподақ ұйымдарының өкілі,
«СПЗ» қызметкерлері
кәсіподағының төрағасы С. Кубасов