Ақмола облысының Степногорск қалалық соты азамат К-ға қатысты әкiмшiлiк iс қарады. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бузышылық кодексiнiң 2-бөлiгi 73-1 бабы бойынша азамат К. жанжал кезiнде жәбiрленушi азаматша С.-ке денесiне ауырсыну жасады, бiрақ оның денсаулығына жеңiл зиян келтiрiлмедi.
Сот отырысында жәбiрленушiден медиациялық келiсiм жасасуға байланысты әкiмшiлiк iстi тоқтату туралы өтiнiш түстi.
Сот қаулысымен азамат К-ға. қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.
Қаулы заңды күшiне ендi.