Өңiрде кәсiпкерлiк секторын қолдауға көп көңiл бөлiнедi. Қазiргi уақытта кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы бiрқатар шаралар жүзеге асырылуда. Бұл бағытта «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ облыстық филиалы белсендi жұмыс жүргiзуде.
Дағдарысқа қарсы шаралар қатарында «Бизнестiң жол картасы — 2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының шарттарына өзгерiстер енгiзу кәсiпкерлер үшiн кредит бойынша мөлшерлеменi 6% — ға дейiн төмендетуге, субсидиялауға жататын кредиттер сомасын 7 млрд.теңгеге дейiн ұлғайтуға, кәсiпкерлерге бағдарламаға салалар бойынша шектеусiз қатысуға мүмкiндiк бердi.
«2020 жылдың 11 айында БЖК — 2025 аясында өңiрде 1,353 млрд.теңге субсидия төлендi және 2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың қаңтары аралығында тағы 299 млн. теңге төленедi. Кредиттердiң жалпы сомасы 14 млрд.теңгеге 153 субсидиялау шартына қол қойылды.
Төтенше жағдай режимi кезiнде көптеген кәсiпкерлер екiншi деңгейдегi банктерге несие төлеудi кейiнге қалдыру туралы өтiнiш жасады. Бұл өтiнiштердi де бiздiң Қор қарады. Барлығы 172 өтiнiш қаралып, несие төлеу бойынша кейiнге қалдырылды», — дедi «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ өңiрлiк филиалының директоры Руслан Ахметов.
Ұйым атап өткендей, өңiрде қараша айында пандемиядан зардап шеккен 209 кәсiпкер несие бойынша сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялады. Қормен субсидияланған шарттардың жалпы саны 587 құрады.
Сондай-ақ осы жылдың 11 айында «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 17 жобаға қолдау көрсетiлдi, 204 кепiлдiк берiлдi.
Кепiлдiк беру құралы бойынша қаржыландырылған жобалар құрылымында өңдеу өнеркәсiбi саласы, Көлiк және қоймалау және қызмет көрсету саласы басым.
Субсидиялау мен кепiлдендiруге өтiнiмдер Egov және онлайн Даму порталдары арқылы онлайн режимiнде қабылданады. Субсидиялау және кепiлдiк беру шарттарына қол қоюды электрондық форматта да жүзеге асыруға болады.
