
2026 жылға 2 412 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінде 1 993-і тұрақты жұмыс орындары. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 1 073 жаңа жұмыс орны құрылып, жылдық жоспардың 44,5 %-ы орындалды. Тұрақты жұмыс орындарына 951 адам жұмысқа орналастырылды.
Ұлттық жобаларды іске асыру аясында 329 жұмыс орнын құру жоспарланған.
Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде 152 адамды қамту жоспарланған болса, 01.06.2026 жылғы жағдай бойынша 77 уақытша жұмыс орны құрылды, оның ішінде жоспар бойынша:
• қоғамдық жұмыстарға – 62 адам;
• жастар практикасына – 45 адам;
• әлеуметтік жұмыс орындарына – 27 адам;
• «Күміс жас» жобасы бойынша – 18 адам.
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастырудың жылдық жоспары 54 адамды құрайды. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 21 адам жұмысқа орналастырылды.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасы бойынша жоспар 16 адамды құрайды, оның ішінде 7 адам – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, 9 адам – пробация қызметінің есебінде тұрғандар. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 17 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде квота бойынша – 8 адам.