2026 жылға әлеуметтік көмек көрсету үшін барлығы 287,3 млн теңге бөлінді, оның ішінде жергілікті бюджеттен – 267,9 млн теңге, облыстық бюджеттен – 19,4 млн теңге.
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша әлеуметтік көмектің әртүрлі түрлерімен 2 238 адам қамтылып, оған 149,8 млн теңге жұмсалды, оның ішінде:
- атаулы әлеуметтік көмек 81 отбасыға/340 адамға тағайындалып, 01.06.2026 жылғы жағдай бойынша 24,8 млн теңге игерілді;
- тұрғын үй көмегі 11 отбасыға/16 адамға көрсетіліп, 01.06.2026 жылғы жағдайына 0,5 млн теңге игерілді;
- азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек 1 865 адамға көрсетіліп, 01.06.2026 жылғы жағдайына 123,7 млн теңге игерілді;
- үйде оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету бойынша 17 бала қамтылып, 01.06.2026 жылғы жағдайына 0,8 млн теңге игерілді.