«Степногорск қаласының Изобильное ауылын дамыту және салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» жобасына жоспарланған қызметтің әсерін скринингтеу

Хабарландыру

әсер ету скринингін қарау туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалаудың (СЭБ) 1 - кезеңін (әсер ету скринингі) өткізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - материалдар)келіп түсті:

- «Степногорск қаласының Изобильное ауылының даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы)» жобасына әсерді скринингтеу;

 - «Степногорск қаласының Изобильное ауылының даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы)» жобасы бойынша жалпы түсіндірме жазба;

 

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Каз Центр Проект» ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі»

Мемлекеттік мекемесі Скрининг нәтижелері туралы қорытынды бергені үшін уәкілетті орган «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі» ММ Экологиялық мәдениет және саясат департаменті.

Жұртшылықты (барлық мүдделі азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

1)  құрылыс схемасын жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және оларды неге маңызды деп санайсыз?

 2) құрылыс салу схемасы бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?

3) СЭҚ бойынша есепте сізді қызықтыратын ықтимал және Елеулі әсерлер туралы барлық ақпарат қамтылған ба, сізде әзірленіп жатқан жобаға, оның ішінде Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсерлеріне байланысты ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2050 жылға дейін.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімінің мерзімі: 08.06.2026 ж. бастап 19.06.2026 ж. дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 19 маусым).

Байланыс      деректері:
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі» ММ Экологиялық мәдениет және саясат департаменті.

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел.: (7172) 74-02-83, 74-08-40
e-mail: n.kunanbaeva@ecogeo.gov.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде келесі мекенжайларға жолдауға болады:

  • электрондық түрде Министрліктің кеңсе электрондық поштасына: k.kense@ecogeo.gov.kz (құжаттарыңыздың Кеңсе арқылы қабылданғанын міндетті түрде +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);
  • e-mail: n.kunanbaeva@ecogeo.gov.kz
  • 8 (7172) 74-02-83 нөмірі арқылы.

СЭБ материалдары келесі сайттарда орналастырылған:

Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);

Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);

Изобильное ауылы әкімдігінің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі).

     экологиялық бағалау» бөлімі)

 

Хабарландыру әсер ету скринингін қарау туралы
Дата публикации
04 июня 2026