№ 1 ХАТТАМА
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының отырысы
Степногорск қ.
Конкурсты өткізу күні мен уақыты: 2026 жылғы «25» мамыр, сағат 15:00
Конкурсты өткізу орны: Степногорск қаласы, 4-шағын аудан, 1-ғимарат, 6-қабат, мәжіліс залы.
Қатысқандар:
Конкурстық комиссия құрамында:
Байкасов Фархат Ертаевич – Степногорск қаласы әкімінің
орынбасары, комиссия төрағасы
Калыков Азат Шарипович – Степногорск қаласының ауыл
шаруашылығы және жер қатынастары
бөлімінің жер қатынастары
секторының меңгерушісі,
комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Карашина Инеш Амангельдиновна – Степногорск қаласының ауыл
шаруашылығы және жер қатынастары
бөлімінің басшысы;
Жумабаев Кайрат Кайыркенович – Степногорск қаласының сәулет
және қала құрылысы бөлімінің
басшысы;
Сулейменова Кымбат Кушкинбаевна – Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;
Баймаков Олжас Nурланович – «Атамекен» Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Степногорск қалалық филиалының директоры (келісім бойынша);
Шорманова Сауле Кызыровна – «Шорманова» ЖК;
Мухамадиев Станислав Фазылзинович – «Ерлік» ҚБ төрағасы, қоғамдық кеңес мүшесі;
Каржасбаев Омирсерик Тауекелович – шаруа қожалығының басшысы.
Қатыспағандар:
Джагпаров Олжас Аманжолович – Степногорск қалалық мәслихатының депутаты, іссапарда;
Утисхан Жанибек – Бөгенбай ауылдық округінің әкімі, еңбек демалысы;
Хагазбек Сайран – Бөгенбай ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының мүшесі, дәлелді себепсіз.
Күн тәртібінде:
Тыңдалды:
Комиссия хатшысы А.Ш. Калыков бүгінгі күні 10 лот бойынша 31 конкурстық өтінім түскенін хабарлады. Жер комиссиясының кворумы жиналған жоқ, өйткені комиссияның 11 мүшесінің тек 8 мүшесі ғана қатысып отыр.
Комиссия төрағасы Ф.Е. Байкасов ҚР Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес, егер отырысқа оның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, жер комиссиясының отырысы құқықтық өкілетті (заңды) деп есептелетінін мәлімдеді. Жер комиссиясының мүшелері оның отырысына ауыстыру құқығысыз қатысады. Конкурсқа қатысуға құқығы бар жер комиссиясының 11 мүшесінің ішінен отырысқа 8 комиссия мүшесі қатысып отыр (Байкасов Ф.Е., Карашина И.А., Жумабаев К.К., Сулейменова К.К., Баймаков О.Н., Шорманова С.К., Мухамадиев С.Ф., Каржасбаев О.Т.).
Жоғарыда баяндалған мән-жайларға байланысты, кворумның және Бөгенбай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшесі өкілінің болмауына орай, жер комиссиясының отырысы құқықтық өкілетті емес деп есептеледі, және бұл жағдайда жер комиссиясының қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарауға және конкурс бойынша түпкілікті шешім қабылдауға мүмкіндігі жоқ.
Осыған байланысты, ҚР Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына (43-1-бабына) және Қағидаларға сәйкес, дауыс беру қорытындысы бойынша комиссияның 8 мүшесі конкурсты өтпеді деп тануға дауыс берді. Конкурстық комиссия көпшілік дауыспен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өтпеді деп тану туралы шешім қабылдады, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысын шығаруды 2026 жылғы 02 маусым сағат 09:00-ге ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Комиссия төрағасы: Байкасов Ф.Е.
Комиссия мүшелері: Карашина И.А.
Жумабаев К.К.
Сулейменова К.К.
Баймаков О.Н.
Шорманова С.К.
Мухамадиев С.Ф.
Каржасбаев О.Т.
Комиссия хатшысы: Калыков А.Ш.