«Степногорск қаласы Бөгенбай ауылдық округінің Бөгенбай ауылын дамыту және салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» жобасына әсер ету скринингі;

Әсер ету скринингін қарау туралы

хабарландыру

 

 

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:

- «Степногорск қаласы Бөгенбай ауылдық округінің Бөгенбай ауылын дамыту және салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» жобасына ықпал ету скринингі;

- «Степногорск қаласы Бөгенбай ауылдық округінің Бөгенбай ауылын дамыту және салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» жобасы бойынша жалпы түсіндірме жазба;

        

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Каз Центр Проект» ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Ақмола облысы Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

СЭБ материалдарын әзірлеуге жауапты: Исаканова А.С.

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Экологиялық саясат департаменті.

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

 

  • жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2038 жыл

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 25.05.2026 ж. бастап 05.06.2026 ж. дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні-2026 ж. 5 маусым)

 

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел. (7172) 74-02-83, 74-08-40

e-mail: n.kunanbaeva@ecogeo.gov.kz 

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде жіберуге болады:

- электронды түрде эл.экология министрлігі кеңсесінің мекенжайы: k.kense@ecogeo.gov.kz (құжаттарыңызды кеңседе +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы алғаныңызды міндетті түрде нақтылау қажет);

-e-mail-де: n.kunanbaeva@ecogeo.gov.kz

- 8 (7172) 74-02-83 нөміріне

 

СЭҚ бойынша материалдар орналастырылған:

Экология министрлігінің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Богенбай ауылы әкімдігі сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру
Дата публикации
21 мая 2026