Степногорск қаласы әкімдігінің «2026 жылға арналған арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерін бекіту туралы» қаулысының жобасына баспасөз- релизі
«2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерін бекіту туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің қаулы жобасы (бұдан әрі - Жоба) Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
Қоғамдық талқылаулар мерзімі 2026 жылғы 23 сәуірден 13 мамырға дейін.
Жоба туралы мәлімет жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15804272
|
Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің «2026 жылға арналаған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы» қаулысының жобасы бойынша ақпарат |
||
|
1. |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы (Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы) |
|
2. |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ |
|
3. |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес. |
|
4. |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту |
|
5. |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Әлеуметтік осал азаматтарға, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету. |
|
6. |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды. |
2026 жылға арналған
арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге тарифтерді
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 142-бабының 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 34-тармағына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Премьер - Министр орынбасары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2026 жылға арналған бір көрсетілетін қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
|
№ |
Түрлері |
Бір көрсетілетін қызметті алушыға бір күнге тариф, теңгемен
|
|
1. |
Үйде қызмет көрсету жағдайында |
2000,91 |
|
2. |
Уақытша болу жағдайында (тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары) |
7037,71 |
|
3. |
Өмірлік қиын жағдайдағы адамдар үшін уақытша болу жағдайында (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар) |
11221,24 |
|
4. |
Жартылай стационар жағдайында (психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар) |
8217,76 |