
«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері: қаланың аумағында экономиканың аграрлық секторын реформалау және дамыту; аграрлық сектордың экономикалық және әлеуметтік дамуының болжамын жүзеге асыру; қаланың ауыл шаруашылығы құрылымдарына әдістемелік және функционалдық көмек көрсету; жер қатынастарды реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу; олардың құзыреті шегінде қабылданған жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімдерін, жер заңнамасын орындау; жерге орналастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру; мемлекеттік жер кадастрын және жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру; ауданның жер ресурстарының жай-күйі туралы деректердің банкін құру, жүргізу; жерді аймақтарға бөлу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру; сауда-саттықта (аукциондарда, конкурстарда) жер телімдерін сату жөнінде ұсыныстар енгізу; жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерін қорғау.