2023 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы ЕСЕП

 

Қазақстан Республикасының

Экономика және бюджетті

жоспарлау министрінің

2013 жылғы 25 маусымдағы

№193 бұйрығына

 

 

2023 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы

ЕСЕП

 

  1. Жалпы ережелер:

1)  «Шаңтөбе кентінің әкімінің аппараты» ММ Сандықтау ауданы, Шаңтөбе кенті, 1-шағынаудан, 21-үй мекенжайында орналасқан.Телефоны: 5-07-41;

2)  Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны- 7 түрі бойынша:

  • «Жер учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» – 0,

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы «01» қазандағы бұйрығы негізінде «Жер учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді;

  • «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату» – 0,

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы «01» қазандағы бұйрығы негізінде «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді;

  • «Жер учаскесін алуға кезекке қою» – 0,

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы «01» қазандағы бұйрығы негізінде «Жер учаскесін алуға кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді;

  • «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» –0,

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы «01» қазандағы бұйрығы негізінде «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді;

  • «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» – 0,

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы «01» қазандағы бұйрығы негізінде «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді;

  • «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» –17,

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы «01» қазандағы бұйрығы негізінде «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді;

  • Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту – 0.

Электрондық нысанда –17қызмет көрсетілді.Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Шаңтөбе кентінің әкімдігіндегі ақпараттық стендтер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көзі болып табылады;

2) «Шаңтөбе кентінің әкімінің аппараты» ММ Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде және ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты орналастыру, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

3) «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2023 жыл ішінде 598 қызмет көрсетілді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы келесі қызметтер жиі көрсетіледі:

  1. ЭЦҚ кілттерін алу/қайта шығару;
  2. Анықтама беру: -соттылығының болуы немесе болмауы туралы,

                                           - наркологиялық диспансерден,

                                           - психоневрологиялық диспансерден,

                                           - фтизиатрдан;

  1. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
  2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

1) 2023 жылы халық арасында цифрлық құжаттарды пайдалануды насихаттау бойынша баннерлер орнатылды;

2) «Шаңтөбе кентінің әкімінің аппараты» ММ электрондық сайттарында және «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінде ақпаратты орналастыру арқылы электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) ашу туралы халық арасында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) Ақпарат қоса беріліп отыр;

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері:17қызмет көрсетілді, электрондық үкімет порталы арқылы – 17.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органмен 2023 жылы заңнаманы бұзу анықтаған жоқ;

4) 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

5)Мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімде ұсынылды.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында кент әкімінің аппаратымен:

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу бойынша;

-БАҚ және ақпараттық стендтер арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету бойынша;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігі мен құзыретін арттыру бойыншажұмыстар жүргізілуде.

 

 

Шаңтөбе кентінің әкімі  Е.Муканов                                                         

2023 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы ЕСЕП
Дата публикации
29 февраля 2024