№ 4 Хаттама Қырық құдық ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиналысы

                                                                          «БЕКІТЕМІН»

   Қырық құдық ауылының әкімі

                                                                           ___________________ Д. Жахин

 

№ 4 Хаттама

Қырық құдық ауылының жергілікті

қоғамдастықтың жиналысы 

 

 

20 наурыз                                           15:00 сағ                   Қырық құдық а. әкімдігі

 

 

Төраға: Қырық құдық ауылының әкімі Д.Т. Жахин

Хатшы: М. Джандаулетова

 

Қатысқандар: жергілікті қауымдастық өкілдері: Т. Шұғай, Т. Слам, Е. Хосаит, А.К. Абенов, М. Хабит, Е. Темирбек, Ж.К. Базылова, А.Е. Бекмаганбетов,                   Т.К. Абенов.

 

Барлығы: 09 адам қатысты.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. «Таза Қазақстан 2024–2029 жылдарға арналған» тұжырымдамасын қарау

(Қырық құдық ауылының әкімі – Д.Т. Жахин)

 

  1. Қырық құдық ауылынан Заводской кентіне және Степногорск қаласына қоғамдық көлік бағытын ұйымдастыру______________________________

(Қырық құдық ауылының әкімі – Д.Т. Жахин)

 

 

Бірінші мәселе бойынша Қырық құдық ауылының әкімі Жахин Дулат Төлегенұлы сөз сөйледі.

Жиналыс барысында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, аумақты абаттандыруға, тазалықты сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан 2024–2029 жылдарға арналған» тұжырымдамасы қаралды.

Жергілікті қоғамдастық мүшелеріне тұжырымдаманың негізгі бағыттары түсіндіріліп, сенбіліктерге қатысу, аумақты абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына тұрғындардың белсенді қатысуының қажеттілігі айтылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап ауыл аумағында қоқыс шығару ұйымдастырылып, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілетіні туралы ақпарат берілді.

Сенбіліктер тұрғындардың қатысуымен тұрақты түрде өткізілетін болады.

 

⸻

 

Екінші мәселе бойынша Қырық құдық ауылының әкімі Жахин Дулат Төлегенұлы сөз сөйледі.

Жиналыс барысында жергілікті қоғамдастық мүшелері тұрақты қоғамдық көлік маршрутының жоқтығы туралы мәселе көтерді. Бұрын Қырық құдық ауылы арқылы автобус қатынасы болған, алайда қазіргі уақытта маршрут жоқ.

Автобус қатынасының болмауына байланысты Заводской кентіне және Степногорск қаласына қатынауда қиындықтар туындауда.

Заводской кентінде орналасқан медициналық мекемелерге бару, талдау тапсыру, тексеруден өту және терапевт қабылдауына кіру үшін тұрғындар қымбат әрі әрдайым қолжетімді бола бермейтін жеке такси қызметтерін пайдалануға мәжбүр.

Тұрғындар Қырық құдық ауылы – Заводской кенті – Степногорск қаласы бағыты бойынша тұрақты қоғамдық көлік маршрутын ұйымдастыруды ұсынды.

Сонымен қатар, көліктің ауылдан таңғы уақытта (шамамен сағат 08:00-де) шығып, кешкі уақытта (сағат 16:00–17:00 шамасында) кері қайтуын ұйымдастыру ұсынылды.

Сондай-ақ тұрғындар ауылға газ баллондарын тұрақты түрде жеткізу мәселесін көтерді.

 

⸻

 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

  1. «Таза Қазақстан 2024–2029 жылдарға арналған» тұжырымдамасы назарға алынсын және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жалғастырылсын.
  2. Ауыл аумағында сенбіліктер тұрақты түрде өткізілсін.
  3. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қоқыс шығару және аумақты санитарлық тазалау жұмыстары ұйымдастырылсын.
  4. Қырық құдық ауылы – Заводской кенті – Степногорск қаласы бағыты бойынша қоғамдық көлік маршрутын ұйымдастыру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелерінің ұсынысы қолдау тапсын.
  5. Автобус маршрутын ұйымдастыру мәселесін қарастыру үшін Степногорск қаласының әкімдігіне өтініш (ходатайство) жолдансын.
  6. Ауылға газ баллондарын жеткізу мәселесі бойынша тиісті ұйымдарға хат жолдансын.

 

 

Хатшы                                                                                              М. Джандаулетова

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 марта 2026