«БЕКІТЕМІН»
Қырық құдық ауылының әкімі
___________________ Д. Жахин
Хаттама № 2
Қырық құдық ауылының
қоғамдастықтың жиналысы
09.02.2026 ж 11:00 Қырық құдық а. әкімдігі
Төраға: Қырық құдық ауылының әкімі Д.Т. Жахин
Хатшы: М. Джандаулетова
Қатысқандар: жергілікті қауымдастық өкілдері: Т.К. Әбенов, Т. Шұғай, Т. Слам, Е. Хосаит, А.К. Әбенов, Е.С. Гусак, М. Хабит, Е. Темирбек, Ж.К. Базылова.
Барлығы: 09 адам қатысты.
Күн тәртібі
(Қырық құдық ауылының әкімі – Д.Т. Жахин)
Негізгі мәселе бойынша – Қырық құдық ауылының әкімі Жахин Дулат Төлегенұлы сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 17 шілдедегі № 213-VIII ҚРЗ «Астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту, ұлттық жобалар, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 55-бабының 1–2-тармақтарына сәйкес қаңғыбас жануарлар санын реттеу аудан және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады.
Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ауыл аумағында шамамен 40-қа дейін қаңғыбас ит тіркелген, олар санитариялық-эпидемиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан ықтимал қауіп төндіреді.
2025 жылы жануарлар санын реттеу бойынша іс-шаралар жеткілікті қаржыландырудың болмауына байланысты ішінара ғана жүргізілді.
Осыған байланысты 2026 жылға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру үшін қаңғыбас жануарларды аулау, уақытша ұстау және заңнамада белгіленген тәртіппен жою бойынша жоспарланатын іс-шаралар көлемін айқындау қажет.
Тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі айқындалды.
ШЕШІМІ:
Хатшы М. Джандаулетова