«БЕКІТЕМІН»
Қырық құдық ауылының әкімі
____________________ Д. Жахин
ХАТТАМА № 10
Қырық құдық ауылы әкімінің есептік кездесуі
11-00 сағат 31.10.2025 ж.
Төрағалық етуші:
Қырық құдық ауылының әкімі – Жахин Д.Т.
Қатысқандар: Қырық құдық ауылының әкімі – Дулат Төлегенұлы Жахин, құқық қорғау органдарының өкілдері, жергілікті қауымдастық құрамы және Қырық құдық ауылының тұрғындары.
Барлығы - 40 адам қатысты.
КҮН ТӘРТІБІ:
Қырық құдық ауылының әкімі Дулат Төлегенұлы Жахин Қырық құдық ауылының 2025 жылғы екінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Сөз барысында есепті кезеңде ауылда атқарылған жұмыстар, аяқталмаған жұмыстар және ауылдағы проблемалық мәселелер туралы айтылды.
Есептік кездесу барысында келесі сұрақтар келіп түсті:
Сұрақ: Темірбек Е. – Қырық құдық ауылының бас жоспары бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?
Жауап: ауыл әкімі Жахин Д.Т. – Қырық құдық ауылының бас жоспары бойынша әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Бас жоспарды әзірлеудің тапсырыс берушісі – «Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.
Сұрақ: Хавдел С. – М. Әуезов көшесінде тротуар салуға мүмкіндік бар ма? Себебі бұл көшеде балалар көп ойнайды, ал жүргізушілер кейде балаларды байқамай қалады.
Жауап: ауыл әкімі Жахин Д.Т. – Қазіргі уақытта Бөгенбай батыр көшесіне жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Мәселе қарауға алынды, кейінгі кезеңде М. Әуезов көшесіне де қарастыру жоспарлануда.
Сұрақ: Абенов А. – Ауыл жерлерін қайтару процесі қай кезеңде тұр?түсіндіріп беруді сұраймыз.
Жауап: ауыл әкімі Жахин Д.Т. – Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы санағының жүргізілуіне байланысты бұл жұмыстарға уақытша мораторий енгізілген.
Жерлерді қайтару бойынша бұйрық пен тиісті шешім дайындалып, облыс әкімінің қарауында тұр.
Барлық рәсімдер аяқталғаннан және шектеулер алынғаннан кейін мәселе белгіленген тәртіппен шешілетін болады.
Хаттаманы жүргізген бас маман М. Джандаулетова