ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Құрметті Ақмола облысы Степногорск қаласының

 Қырық құдық ауылының тұрғындары!

 

Ақмола облысының «Степногорск қаласының, Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты»  ММ-де азаматтардың  құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында  халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық  актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қызмет атқарады.

«Құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет»ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov», «e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.

           «Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.

          Құрметті Қырық құдық ауылының азаматтары құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Қырыққұдық ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, №14 ғимарат мекенжайы бойынша көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.  Жұмыс уақыты: сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Дата публикации
30 июня 2026