Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:

Жобаны стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту аясын айқындау (скрининг кезеңі) «Ақмола облысы Степногорск қаласы Қырық құдык аулының дамыту және салу схемалары (бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы)»

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «СК РАОЛ «ИНВЕСТ» ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Степногорск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

СЭБ материалдарын әзірлеуге жауапты: Нурбаева А.Ж.

 

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

  • жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2040 жыл.

Уәкілетті    орган:   Қазақстан    Республикасы   Экология   және    табиғи ресурстар министрлігі.

 Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу

 мерзімі: 2026 жылғы 20 сәуірден  бастап 2026 жылғы 4 мамырға  дейін. (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылдың 03 шілде).

 Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі - Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел.: 8 (7172) 74-02-83, 74-08-40

e-mail: n.kunanbaeva@ecogeo.gov.kz

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:

  • электронды түрде Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);

e-mail: n.kunanbaeva@ecogeo.gov.kz

- тел. 8 (7172) 74-02-83

 

СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:

Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі - «Негізгі құжаттар» бөлімі - «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында («қызмет» бөлімі «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Қырық құдык аулы әкімдігінің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Жоспарланып отырған қызметтің қоршаған ортаға әсеріне скрининг Ақмола облысы Степногорск қаласының Қырыққұдық ауылының даму және құрылыс салу схемасын әзірлеу (бас жоспардың жеңілдетілген нұсқасы)
Дата публикации
24 апреля 2026