Қырық құдық ауылының медициналық пункті "Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты" ММ-нің әкімшілік ғимаратында, Бөгенбай батыр көшесі, № 14 ғимарат мекенжайында орналасқан.
Медпункттің кабинеттері: 2 (қабылдау, процедуралық).
Медперсоналдың штаттық саны 1 қызметкер-медбике.
Медициналық пункті келесі қызметтерді көрсетеді;
- науқастарды қабылдау;
- алғашқы медициналық көмек көрсету;
- б/і, к/і, дәрігерлік тағайындаулар рәсімдерін орындау;
- ересектер мен балаларға жоспарлы егулерді орындау;
- 2 жасқа дейінгі балаларға патронаж;
- жүкті және босанған әйелдерге патронаж;
- халықты флюорографиялық тексеруді жоспарлау және орындау;
- халықты скринингтік тексеруді жоспарлау және орындау;
- диспансерлік науқастарды бақылау, терапевт дәрігеріне уақтылы бару, жеңілдетілген препараттарға рецепт беру;
- жүкті әйелдерді ерте мерзімде анықтау және оларды уақтылы есепке алу;
- ересектер санағын жылына 1 рет және балалар санағын жылына 2 рет жүргізу.