БЕКІТЕМІН
Қарабұлақ ауылының әкімі
_______ М.Исмағұлов
ХАТТАМА
Қарабұлақ ауылы жергілікті қоғамдастығы жиналысының
Қарабұлақ ауылы 2026 жылғы 26 наурыз
Қарабұлақ ауылы әкімінің аппараты сағат 15:00
Жиналыс төрағасы:
Қарабұлақ ауылы әкімі – Мұсылманбек Баукенұлы Исмағұлов
Қатысқандар:
Қарабұлақ ауылының жергілікті қоғамдастығының мүшелері – 10 адам
КҮН ТӘРТІБІ:
1 . «Таза Қазақстан 2024–2029 жылдарға арналған» тұжырымдамасын қарау туралы.
ТЫҢДАЛДЫ:
Қарабұлақ ауылының әкімі М.Б. Исмағұлов қатысушыларды 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Тұжырымдаманы іске асыру халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға, аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға, сондай-ақ тұрғындарды экологиялық іс-шараларға белсенді тартуға бағытталғаны атап өтілді.
Халықтың көлік қолжетімділігін жақсарту мақсатында қоғамдық көлік бағытын ұйымдастыру туралы ақпарат ұсынылды. «Қарабұлақ – Степногорск» қала маңы бағыты бойынша жолаушылар тасымалын «Тұлпар-Степногорск» ЖШС жүзеге асырады. Қазіргі уақытта тасымалдау «Газель» маркалы екі автобуспен жүргізілуде.
«Тұлпар-Степногорск» ЖШС басшысы кәсіпорын тарапынан 12 жаңа автобусты лизинг арқылы сатып алуға өтінім берілгенін мәлімдеді. Бүгінгі күні өтінім мақұлданып, автобустар Степногорск қаласына жолда келеді.
2026 жылы Қарабұлақ ауылына келесі бағыттар бойынша бюджет қаражаты бөлінді:
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
Хатшы Ә. Еркетаева