ПРОТОКОЛ общественных слушаний посредством открытого собрания

Ашық жиналыстар арқылы өткізілетін қоғамдық тыңдаулар

ХАТТАМАСЫ

 

  1. Аумағында қызмет жүзеге асырылатын немесе аумағына ықпал етілетін әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың) немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің) әкімі аппаратының жергілікті атқарушы органының атауы: «Қарабұлақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ

 

  1. Қоғамдық тыңдаулардың тақырыбы: Первомайское кен орнының тау-кен жұмыстарының жоспары жұмыс жобасына ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы.

 

  1. Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттар жіберілген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың) немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің) әкімі аппаратының атауы: Қазақстан Республикасы экология, гелогия және табиғи ресурстар министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында орналастырылған.

 

  1. Көзделіп отырған қызметтің орналасатын жері: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Қарабұлақ ауылдық округі. Географиялық координаттары:
  2. 52°12'13" С.Ш. 71°48'37" В.Д.
  3. 52°12'13" С.Ш. 71°49'16" В.Д.
  4. 52°11'36" С.Ш. 71°49'16" В.Д.
  5. 52°11'36" С.Ш. 71°48'37" В.Д.

 

  1. Көзделіп отырған қызметтің ықтимал әсеріне қатысы бар барлық әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы: - Ақмола облысы, Степногорск қ.а., Қарабұлақ ауылы.

 

  1. Бастамашының деректемелері және байланыс деректері: «АК Алтыналмас» АҚ, 050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Елебеков көшесі 10/2, 950640000810, Долданов Арман Заводбекович,+7 777 151 5770, arman.doldanov@altynalmas.kz.

 

  1. Ықтимал әсерлер туралы есептерді әзірлеушілердің немесе стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептерді дайындау бойынша сырттан тартылған сарапшылардың немесе мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерінің құжаттамасын әзірлеушілердің деректемелері мен байланыс деректері: "Экологический центр инновации и реинжиниринга" ЖШС, Бас директор Хусайнов М.М., БСН:130740012440, e_mail: eciir_01@mail.ru, тел: 87262432021, Мекен-жайы: Тараз қаласы Қойгельді көшесі №55.

 

  1. Қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күн, уақыт, орын (қоғамдық тыңдаулардың ашық жиналысы өткізілетін күн (күндер) және уақыт):

Қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты: 18.12.2025 жыл сағат 09-50;

Қатысушыларды тіркеудің аяқталу уақыты: 18.12.2025  жыл сағат 10-00;

Қоғамдық тыңдаудың басталу уақыты: 18.12.2025  жыл сағат 10-00;

Қоғамдық тыңдаудың аяқталу уақыты: 18.12.2025  жыл сағат 12-40;

Қоғамдық тыңдауларды өткізу орны: Ақмола облысы, Степногорск қ.а., Степногорск қ., Қарабұлақ ауылы, Сарыарқа көшесі 25 ғимарат (жалпы білім беретін мектеп акт залы) мекенжайында ашық жиналыс түрінде өткізіледі, сонымен қатар ZOOM ВКС арқылы көмегімен өткізілді сілтемесі: конференция идентификаторы: 226 828 3948, кіру коды: 123456 https://us06web.zoom.us/j/2268283948?pwd=ZDZWUEtTSGZnQkQ0bytVWTAxVzBmdz09&omn=81550900434.

 

  1. Бастамашы жіберген сұрату хатының көшірмесі және қоғамдық тыңдауларды өткізу шарттарын келісу туралы әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұсынған жауап хаттың көшірмесі осы қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қоса беріледі. Сұраным-хат осы қоғамдық тыңдаулар хаттамасының №1 Қосымшасында және жауап-хаттың көшірмелері осы қоғамдық тыңдаулар хаттамасының №2 Қосымшасында үсынылған.

 

  1. Қоғамдық тыңдауларға қатысушыларды тіркеу парағы осы қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қоса беріледі. Қатысушыларды тіркеу парағы осы қоғамдық тыңдаулар хаттамасының №1 Қосымшасында үсынылған.

 

  1. Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде келесі жолдармен таратылды:

1) Ақпараттық жүйеде: ndbecology.gov.kz; 14.11.2025 ж;

2) жергілікті атқарушы органның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ресми интернет-ресурсында немесе әзірлеуші мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында: "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr сайтында; 14.11.2025 ж.

3) қоғамдық тыңдаулар басталған күнге дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде кемінде бір газетте және қатысы бар аумақтың шегінде толық немесе ішінара орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында таратылатын кемінде бір теле-немесе радиоарна арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында: Қазақ және орыс тіліндегі "Акмолинская правда" газетінде 13.11.2025 ж. № 96 (20570), (газеттегі хабарландыру сканері хаттамаға 4-қосымшада үсынылған); Хабарландыру мәтінді 12.11.2025 жыл №02-03/418 "KOKSHE" телеканал арқылы жарияланды (эфирлік анықтама хаттамаға 5-қосымшада келтірілген).

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің) аумағында мүдделі жұртшылық үшін қолжетімді орындарда: саны – 2 дана.  Ақмола облысы, Степногорск қ.а., Қарабұлақ ауылы әкімдікте ақпаратты орналастыру үшін тақтада және ауыл аумағында. Осы қоғамдық тыңдау хаттамасына фотоматериалдар қоса ұсынылған. (Қосымша № 6).

 

  1. Қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімдері:

Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы ретінде Арсентьева Людмила кандидатура ұсынылды. Барлық қатысушылар 64 адам: дауыс бергендер: "қолдағандар" - 64, "қарсы болғандар" - 0, "қалыс қалғандар" - 0.

Бекітуге ұсынылған баяндама регламент! - 30 мин. дейін, талқылау регламент! - 30 мин(әрбір нақты жағдайға байланысты). Регламентті бекіту туралы дауыс бергендер: барлық қатысушылар: 64 адам Дауыс бергендер: "қолдағандар" - 64, "қарсы болғандар" - 0, "қалыс қалғандар" - 0.

 

13 Барлық тыңдалған баяндамалар туралы мәліметтер:

Бас директорының орынбасары «Экологический центр  инновации и реинжиниринга» ЖШС-  Мусиркепов М.К. Баяндама тақырыбы Первомайское кен орнының тау-кен жұмыстарының жоспары жұмыс жобасына  ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы. Баяндама 5 беттен, 16 слайдтан тұрады. Баяндама мәтіні осы қоғамдық тыңдаулар хаттамасының №7 Қосымшасында ұсынылған.

 

  1. Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың осы Қағидаларының 18-тармағына сәйкес жазбаша нысанда ұсынылған немесе қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында айтылған барлық ескертулер мен ұсыныстарын, әрбір ескерту және ұсыныс бойынша бастамашының жауаптары мен түсініктемелерін қамтитын жиынтық кесте. Қоғамдық тыңдаулардың тақырыбына мүлде қатысы жоқ ескертулер мен ұсыныстар кестеге "қоғамдық тыңдаулардың тақырыбына қатысы жоқ" деген белгімен енгізіледі.

 

  1. Қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың жоба және қаралатындардың сапасы туралы пікірі (негіздемесімен), құжаттардың, тыңдалған баяндамалардың толықтығы және оларды түсінудің қолжетімділігі тұрғысынан, оларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

Вингертер Григорий Христьянович – экологиялық волонтері.

– Халықта, жергілікті қауымдастықта, мүдделі тұлғалар мен қоғамда сұрақтар бар болған жағдайда, әрбір мәселе қаралып, шешімін тапқанға дейін қоғамдық тыңдаулар өткізілсін деп ұсынамын.

Сочнев Артем Сергеевич – Степногорск қаласының тұрғыны.
– Мәселелерді талқылауға уақыт шектеуі қойылмасын.
– Баяндама үшін 15 минут жеткілікті. Халықты артық ақпаратпен жүктеудің қажеті жоқ.

Қарабұлақ ауылының тұрғындары аталған кен орнын игеруге қарсы екендіктерін тұрғындардың қолдары қойылған тізім қоса тіркеліп, қатаң наразылық білдірді.

Қоғамдық тыңдау өтті деп есептеледі, халық тарапынан түскен ескертулер, ұсыныстар және өтініштер ескерілді.

 

  1. Қоғамдық тыңдаулар хаттамасына шағымдану Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сот және сотқа дейінгі тәртіппен мүмкін болады.

 

 

  1. Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы: М.Б. Исмағұлов

                                                                                                                    «______ »_________ 2025 жыл

                                                                                                                   

(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып табылатын ұйымның атауы, қолы, күні)

 

  1. Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы: Л.Ф. Арсентьева

 

                                                                                                                     «______»__________2025 жыл

(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып табылатын ұйымның атауы, қолы, күні)

 

 

Дата публикации
27 января 2026