Қарабұлақ ауылының азаматтық жиынының ХАТТАМАСЫ

 «БЕКІТЕМІН»

Қарабұлақ ауылының әкімі

___________М. Исмағұлов

 

 

 

Қарабұлақ ауылының азаматтық жиынының

ХАТТАМАСЫ

 

 

15-00 сағат                          12.05.2025 ж.          Қарабұлақ ауылының орта мектебі

 

 

Қатысқандар: Қарабұлақ ауылының әкімі – Мұсылманбек Баукенұлы Исмағұлов, жергілікті қоғамдастық құрамы және Қарабұлақ ауылының тұрғындары.

 

Барлығы: 30 адам қатысты

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Қарабұлақ ауылының 2025 жылдың I жартыжылдығы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп.
  2. Ағымдағы сұрақтар

 

Қарабұлақ ауылының  әкімі Мұсылманбек Баукенұлы Исмағұлов         2025 жылдың  I жартыжылдығы Қарабұлақ ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.

 

Есеп беру кездесуі барысында келесі сұрақтар келіп түсті:

 

Сұрақ: Қ.И Әйтімов -  Сарыарқа көшесінің  бойындағы асфальтқа шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіле ме?

Жауап: М.Б Исмағұлов -  Биылғы жазда мердігер асфальтқа шұңқырларды жөндеуді жоспарлап отыр.

Сұрақ: З.Н Капезова – Жергілікті тұрғындар учаскелік инспектормен бірге абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.

Жауап: Б.М Исмағұлов – Қарабұлақ ауылының учаскелік инспекторы бақылауға алсын.

Сұрақ:К.С Танатова – «АК Алтыналмас» АҚ Превомайское кен орнындағы тау-кен жұмыстарына арналған карьер құрылысына қатысты наразылықтарын білдірді.

Жауап: М.Б.Исмағұлов - Сіз өз пікіріңізді электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, бірыңғай экологиялық портал арқылы ресми түрде білдіруіңіз керек.

Сұрақ: Г.Н Баймакова  - Жасөспірімдер мен балалардың мотоциклдер мен скутерлерде қозғалысын бақылау үшін бастамашы топ құру. Түнде сағат 22.00-23.00 кейін мопед мінген балалардың ата-аналарына айыппұл салынуы керек.

Жауап: М.Б Исмағұлов - Қарабұлақ ауылының учаскелік инспекторы бақылауға алып, жасөспірімдердің ата-аналарымен, мектепте түсіндірме жұмыстарын жүргізуі қажет.

         Алғыс сөздер: Қ.И Әйтімов – Ауыл тұрғындары атынан Қарабұлақ ауылының әкімі М.Б. Исмағұлов. ауылда атқарылған жұмыстар үшін. Ауыл тұрғындарына қымыз бен саумалдың тегін таратылуын ұйымдастырған Қарабұлақ ауылының тұрғыны Б.Бейсенбековке ризашылығымды білдірдім.

        Учаскелік полиция қызметкері Е.У Туримбетовқа  Қарабұлақ ауылының аулаларына қайталап тексеру жүргізу сұраймын.

          Сұрақ: Қ.И Әйтімов - Учаскелік полиция қызметкері Е. У Туримбетовқа Қарабұлақ ауылының аулаларына қайталап тексеру жүргізу сұралады.

Жауап: М.Б Исмағұлов - Қарабұлақ ауылының учаскелік инспекторы ауылды, сондай-ақ ауыл тұрғындарын абаттандыру және санитарлық тазалау мәселесін, аулаларды ретке келтіруді, бұзылған қоршауларды жөндеуді, жеке және іргелес аумақтарда тазалық пен тәртіпті сақтауды ерекше бақылауға алсын.

Сұрақ: Г.Н Баймакова -  Ауылда жарық неге жиі сөнеді?

Жауап: М.Б Исмағұлов - Жазғы кезеңде жөндеу жұмыстарын АРЕК жүргізеді, осыған байланысты ауыл көшелерінде электр жарығы жартылай сөніп қалады.

Сұрақ: Қ.И. Әйтімов – Ауылда мал ұрықтандыру мәселесі бар.

Жауап: М.Б Исмағұлов - Мал дәрігері ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруға қатысты мал иелерінің өтініштері бойынша жұмыс істеуі керек.

 

 

 

Хаттаманы жүргізген бас маман                                     А.Ажкенова

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 мая 2025