«Қарабұлақ ауыл әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға бюджеті қалалық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-9/8 «2024-2026 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімімен бекітіліп, кірістер бойынша – 103 121, 0 мың теңге, шығындар бойынша – 103 121,0 мың теңгені құрады.
2024 жылдың ЖӨӨБ бюджеті бюджеттік заңнама шеңберінде төрт рет нақтыланды - нәтижесінде 12 айда бюджет көлемі шығындар бойынша 113 566,5 мың теңгені құрады.
Ауыл бюджеті орындалуының нәтижесі келесі көрсеткіштермен сипатталады:
2024 жылдың 31 желтоқсанына кірістер жоспары 100,4 % орындалып, бюджетке 113 720,5 мың теңге түсіп, жоспар 483,3 мың теңгеге артығымен орындалды.
Трансферттердің түсуі 100% немесе 101 820,9 мың теңгені құрады.
Қарабұлақ ауылының 2024-2026 жылдарға арналған ЖӨӨБ бюджетінің кірістері 3 көз есебінен құрылды. Келесі көздер:
(мың теңге)
|
Түсімдер |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Барлығы |
113237,2 |
103121,0 |
49010,0 |
|
Салықтық түсімдер, оның ішінде: |
9717,4 |
9781,0 |
10561,0 |
|
меншікке салынатын салықтар |
3732,7 |
3796,0 |
4131,0 |
|
салықтық емес түсімдер |
1096,2 |
1125,0 |
1220,0 |
|
Трансферттер түсімдері, оның ішінде: |
101820,9 |
37940,0 |
37229,0 |
|
аудандық бюджеттегі ағымдағы нысаналы трансферттер |
65745,9 |
3038,0 |
0 |
|
субвенция |
39075,0 |
34902,0 |
37229,0 |
|
Бюджет қаражатының пайдаланылатын бос қалдықтары |
329,3 |
0 |
0 |
Меншікті кіріс (салық) 9781,0 мың теңге сомасында бекітілді.
Салықтардың негізгі түрлері бойынша жылдық жоспар артығымен орындалды.
01.01.2025 жылғы жағдай бойынша бюджет қаражатының бос қалдықтары 183,5 мың теңгені құрады.
ШЫҒЫНДАР БОЙЫНША ОРЫНДАЛУ
Қарабұлақ ауылының 2024-2026 жылдарға арналған нақтыланған бюджеттік жоспары:
(мың теңге)
|
Функционалды топтармен |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Барлығы |
113566,5 |
48846,0 |
48448,0 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
79222,4 |
41860,0 |
42408,0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
32244,0 |
4036,0 |
4040,0 |
|
Көлік және коммуникация |
2000,0 |
2950,0 |
2000,0 |
|
Трансферттер |
0,1 |
- |
- |
2024 жылдың 12 айында бюджеттің шығыс бөлігі жоспар бойынша 113566,5 мың теңге болған, 113536,9 мың теңге сомасында орындалынды немесе қаржыландыру жоспары 100% орындалынды.
Бюджет шығындарының орындалуы келесі деректермен сипатталады:
(мың теңге)
|
Атауы |
4 тоқсандағы түзетілген бюджет |
4 тоқсандағы нақты орындау |
орындалу % |
Орындалмау соммасы |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
79222,4 |
79221,1 |
100 |
0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
32344,0 |
32315,8 |
100 |
0 |
|
Көлік және коммуникация |
2000,0 |
2000,0 |
100 |
0 |
|
Барлығы |
113566,5 |
113536,9 |
100 |
0 |
Жоғарыда жасалған талдаудан көрініп тұрғандай, нақтыланған (реттелген) бюджет қаражатының игерілмеген сомасы 29,6 мың теңгені құрады, қалдық дөңгелектеу есебінен.
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» 1 фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 79221,1 мың теңге сомасы, оның ішінде материалдық-техникалық жабдықтауға – 11959,2 мың теңге.
Ауыл әкімі аппаратымен: Қызметтік автокөлік, жылу жүйесіне арналған электр қазандығы, планшет, сирена, соқа, жалаушалар сатып алынды.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» 7 функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстары нақтыланған жоспарға 100% немесе 32315,8 мың теңгеге орындалды.
Бұл қаражат келесі іс-шараларға жұмсалынды:
Көшелерді жарықтандыру желісін жөндеу 1480,0 мың. теңге;
тазалау (Қарабұлақ ауылындағы өздігінен пайда болған қоқыс алаңдарын жою – 1785,8 мың теңге;
елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру (гүл отырғызу, тротуар орнату) – 29040,0 мың теңге.
«Көлік және коммуникация» 12 функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстары нақтыланған жоспарға 100 % немесе 2000,0 мың теңгеге орындалды.
Қаланың автомобиль жолдарын қамтамасыз ету және күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді(қысқы жолдарды күтіп ұстау – ауыл ішіндегі жолдарды қардан тазалау) – 2000,0 мың теңге;
«Трансферттер» 15 функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстары нақтыланған жоспарға 100%-ға орындалды.
Мемлекеттік сатып алулар
2024 жылы мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі 62160,0 мың теңгені (ҚҚС-сыз) құрады, оның ішінде:
Бір көзден сатып алу тәсілімен өткізілмей қалғандар арқылы мемлекеттік сатып алу – 5216,0 мың теңге (ҚҚС-сыз);
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу – 7073,5 мың теңге (ҚҚС-сыз);
Бір көзден жүргізілген мемлекеттік сатып алулар – 14129,9 мың теңге құрады (ҚҚС-сыз).
Ашык конкурспен жүргізілген мемлекеттік сатып алулар – 34290,0 мың теңге құрады (ҚҚС-сыз).
Негіздік келісімді қолдану арқылы конкурстың екінші кезеңінде жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу – 281,8 мың теңге.
Электрондық дүкен арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алулар – 1 168,8 мың теңге сомасында (ҚҚС-сыз).