БЕКІТЕМІН
Қарабұлақ ауылының әкімі
___________М. Исмағұлов
Қарабұлақ ауылының азаматтық жиынының
ХАТТАМАСЫ
15-00 сағат 11.11.2024 ж.
Төрағалық етуші:
Степногорск қаласының әкімі - А. Қайыржанов
Қатысқандар: Қарабұлақ ауылының әкімі – Мұсылманбек Баукенұлы Исмағұлов, мемлекеттік органдардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, Степногорск қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, «Степногорск водоканал» ШЖҚ МКК директоры, БАҚ және Қарабұлақ ауылының тұрғындары.
Барлығы: 45 адам қатысты
КҮН ТӘРТІБІ:
Қарабұлақ ауылының әкімі Мұсылманбек Баукенұлы Исмағұлов 2024 жылдың II жартыжылдығы Қарабұлақ ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Есеп беру барысында атқарылған жұмыстар, аяқталмаған жұмыстар және ауылдағы проблемалық мәселелер туралы айтылды.
Есеп беру кездесуі барысында келесі сұрақтар келіп түсті:
Сұрақ: Қ.И.Айтимов – Мәдениет үйінің аумағында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер тізімі жазылған ескерткіш орнатыла ма?
Жауап: А.Қ.Қайыржанов - Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі ескерткішті орнату жобасын дайындауға кіріссін.
Сұрақ: Қ.И.Айтимов – Сарыарқа көшесіндегі жолдың бір бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілеме?
Жауап: М.Б.Исмағұлов - Келесі жылы жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өткізіліп әзірленеді, содан кейін қаржы сұраймыз.
Сұрақ: З.Н.Капезова – Біздің ауылда судың қысымы мәселесі бар, қысым өте төмен?
Жауап: С.Гетманов – Су қысымының реттегіші өртеніп кетті, қазіргі уақытта жаңа реттегіш орнатылды, су қысымы реттеледі.
Сұрақ: З.Н.Капезова – Ақан сері мен Абай Құнанбаев көшелерінің арасындағы өткелге асфальт төсеу жоспарда бар ма?
Жауап: М.Б.Исмағұлов - Бюджеттік өтінімді беріледі.
Сұрақ: З.Н.Капезова - Септикті сорғызу мәселесін шешу керек?
Жауап: А.Қ. Қайыржанов – Орталықтандырылған кәріз жүйесі болуы керек.
Сұрақ: А.Серяков – Септікті сорғызған соң қай жердегі, тазалау орындарына құю керек?
Жауап: А.Қ. Қайыржанов – Иә, оларды қаладағы ең жақын канализациялық тазарту қондырғыларына құю керек.
Сұрақ: О.Фазылов – Бізде мал сою алаңы жоқ па?
Жауап: А.Қ. Қайыржанов – Біз бұл мәселені бақылауға алып, шешуіміз керек. Оны салуды жергілікті кәсіпкерлерге ұсыну керек.
Сұрақ: А.Мусабаева – Неліктен малға вакцина салынбайды?
Жауап: О.Фазылов - Жыл сайын екпе жасаймыз.
Сұрақ: Е.Жұмаділов – Көптеген жылқыларда таңбалары жоқ. Жылқышылар жайылымдағы малдың қауіпсіздігін қатаң қадағалап, таңбалау жұмыстарын жүргізуі керек. Жылқышыларға көмек көрсету керек?
Жауап:А.Қ.Қайыржанов - Степногорск қаласының ветеринарлық инспекциясы мен вет.дәрігер бақылау алсын.
Хаттаманы жүргізген бас маман А.Санах