ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Ақмола облысы Степногорск қаласы, Карабұлақ аыулы тұрғындары!
Ақмола облысының Степногорск қаласының Қарабұлақ ауылы әкімі аппараты ММ-де азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қызмет атқарады.
«Құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет»ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov», «e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті азаматтар Қарабұлақ ауылы құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Қарабұлақ ауылы, Сарыарқа көшесу №24 ғим. Сағ.09.00-ден бастап 18.30-ға дейін обед 13.00-ден 14.30-ға дейін (әкімдіктің мекенжайы, жұмыс күнінің тәртібі) мекенжайы бойынша көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.