Білім беру саласын "Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Қарабұлақ ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұсынады. Пайдалануға берілген күні-1975 жыл. Жобалық қуаты-321 адам. Материалдық-техникалық база: ғимараттар саны-1, қабаттылығы - 2, жалпы ауданы - 2579 шаршы метр, жылыту жүйесі - автономды, сумен жабдықтау-орталықтандырылған. Қарабұлақ ауылының жалпы білім беретін мектебінде 165 оқушы оқиды. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асады. Мектепте 34 педагог жұмыс істейді.
Мектеп барлық қажетті оқулықтармен, кең жолақты интернетке қолжетімділікпен, жаңа түрлендірілген кабинеттермен және интерактивті жабдықтармен жабдықталған. Мектепте бейнебақылау орнатылған.
Мектеп жанында "Балапан" шағын орталығы жұмыс істейді, оған 2 жастан 5 жасқа дейінгі барлығы 40 бала барады.