Құрметті Ақмола облысы Степногорск қаласы Бөгенбай ауылдық округінің тұрғындары!
Ақмола облысының Степногорск қаласы Бөгенбай ауылдық округінің азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қызмет атқарады.
«Құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет»ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov», «e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті Степногорск қаласы Бөгенбай ауылдық округінің азаматтары құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз Ақмола облысыСтепногорск қаласы Бөгенбай ауылдық округі Байқоныс ауылы Ы.Алтынсарин көшесі мекенжайы бойынша сағат 9.00 бастап сағат 18.30 ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 бастап 14.00 дейін көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.