Меню

Страницы

Статья

Бөгенбай ауылдық округінің тұрғындарының осал топтарға көрсетілетін әлеуметтік қорғау

Әлеуметтік қорғау-бұл жағдайларға байланысты (кәрілік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылу және басқа да заңды негіздер) экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты ақылы еңбекке қатысу арқылы өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтардың өмірлік қажеттіліктеріне қол жеткізудің белгілі бір деңгейін және әл-ауқатының белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.

 Бөгенбай ауылдық округінде  халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың белсенді саясаты жүргізілуде.

Жұмыспен қамту орталығына ауылдық округтің 4 тұрғыны жүгінді. Өтініш берушілер қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі-100%.

 Ақылы қоғамдық жұмыстарға 4 адам, жастар тәжірибесіне 1 адам жіберілді. Атаулы әлеуметтік көмек биылғы жылы тағайындалмаған.

Бөгенбай ауылдық округінде бүгінде  мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 16, көпбалалы отбасылар саны-22, зейнеткерлер саны-36 адам. 

 Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру мақсатында әлеуметтік объектілерде шақыру түймелері, алынбалы және стационарлық пандустар, тактильді жолақтар мен белгілер болады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша іс-шараларды өткізуге жалпы демеушілік көмек ауылдық округтың "Акбай Мермухан"ЖШС, ШҚ, ЖК -ның есебінен болады.

Дата публикации
08 февраля 2024
Дата обновления
08 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
29 сентября 2026
«Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де «Құқық кабинеті» жұмысының ұйымдастырылуы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Ақпарат
11 августа 2026
Жас мамандарды мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылдау туралы хабарландыру
Ақпарат
29 июня 2026
«Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де «Құқық кабинеті» жұмысының ұйымдастырылуы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы