БЕКІТЕМІН
Богенбай ауылдық
округінің әкімі
___________ Ж. Өтісхан
Бөгенбай ауылдық округінің әкімінің қатысуымен жергілікті қоғамдастық мүшелерімен жиынының
ХАТТАМАСЫ №4
өткізу орны Байконыс ауылы
өткізу уақыты 2026 жылдың 13 сәуір
15:00 сағат
Төраға: Минан Т. -Бөгенбай ауылдық округінің қоғамдастық мүшелерінің төрағасы;
Хатшы: Хагазбек С.- Бөгенбай ауылдық округінің қоғамдастық мүшесі;
Қатысқандар: Бөгенбай ауылдық округінің әкімі – Жаныбек Өтісхан, жергілікті қоғамдастық құрамы, полиция инспекторы Есламбек А.Қ, ауыл мал дәрігері Улархан Ж.
Барлығы: 15 адам қатысты
КҮН ТӘРТІБІ:
1)«2024–2029 жылдарға арналған Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы. (әкім Өтісхан Ж.)
2)Үй жануарларын күтіп-бағу мәселелері бойынша (учаскелік полиция инспекторы Есламбек А.Қ.)
3)Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру (тіркеу), анықтама алу және уақтылы вакцинациялау мәселелері. (ауылдық мал дәрігері Улархан Ж.)
4)Қосымша мәселелер.
Жиынды жергілікті қоғамдастық төрағасы Минан Т. ашып, сөзді Богенбай ауылдық округінің әкімі Өтісхан Ж.-ға берді.
БІРІНШІ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША:
Ауылдық округ әкімі «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында ауылдық округ аумағында экологиялық жағдайды жақсарту және елді мекендерді абаттандыру бағытында іс-шаралар жүргізіліп жатқанын түсіндірді.
Көктем-күз мезгілдерінде:
аумақтарды тазалау;
тұрмыстық қалдықтарды шығару;
өлекселерді жою;
көшелер мен қоғамдық орындарды тазалау;
жеке сектор қоршауларын (қоршауларды) ретке келтіру бойынша сенбіліктер ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде: ағаш отырғызу және жасыл желектерді күтіп-баптау. Халық арасында тазалық пен экологиялық мәдениетті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
2026 жылға бөлінген бюджет қаражаты:
Көше жарығын ұстауға: Байконыс ауылына – 1,5 млн теңге, Богенбай ауылына – 1 млн теңге.
Жолға сараптама жүргізуге – 586 мың теңге, сметалық құжаттама – 280 млн теңге («Жол торабы» ЖК), 4 км.
Қоқыс шығаруға – 2 млн теңге.
ЕКІНШІ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША:
Учаскелік инспектор Есламбек Айдын Қайратұлы ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз жіберу жағдайлары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл:
мүліктің бүлінуіне (қоршаулар, көшеттер);
жол-көлік оқиғаларына;
тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Инспектор ҚР заңнамасына сәйкес, мал иелері жануарларды бақылауда ұстауға міндетті екенін ескертті.
Қабылданатын шаралар:
рейдтік іс-шаралар өткізу;
акиматпен бірлесіп тексерулер жүргізу;
әкімшілік жауапкершілікке тарту;
қараусыз малды ұстау;
залалды өтеу;
профилактикалық түсіндіру жұмыстары.
Қайталанған құқық бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша шамамен 68 000 теңге айыппұл қарастырылған.
ҮШІНШІ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША:
Ауылдық ветеринар Улархан Жанаргүл төлдерді уақтылы сырғалау, TortTulik мобильді қосымшасында тіркеу және вакцинациялау бойынша түсіндірме берді.
ҚОСЫМША МӘСЕЛЕЛЕР:
Өрт сөндіру депосын салу мәселесі көтерілді. Қаржыландыру шамамен 40 млн теңге көлемінде қарастырылуда.
Сондай-ақ қар шығару бойынша сұрақ қойылып, Байконыс ауылына – 1,5 млн теңге, Богенбай ауылына – 1 млн теңге бөлінгені айтылды.
Жергілікті қоғамдастық жиналысының қорытындысы бойынша шешім қабылданды:
БІРІНШІ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША:
Ақпарат назарға алынсын, абаттандыру жұмыстары жалғастырылсын.
Тұрғындар тазалық сақтап, сенбіліктерге қатыссын.
ЕКІНШІ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША:
Мал иелері қараусыз жібермеуге және күтіп-бағу қағидаларын сақтауға міндетті.
ҮШІНШІ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША:
ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша жауапкершілік ескертілсін.
Малдарды сырғалау, TortTulik жүйесінде тіркеу және вакцинациялау қамтамасыз етілсін.
Төраға Т. Минан
Хатшы С. Хагазбек