Стратегиялық экологиялық бағалау

Әсер ету скринингін қарау туралы

хабарландыру 

 

 

         Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:

-       «Степногорск қаласы Байқоныс ауылын дамыту және салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы)» жобасы бойынша әсер ету скринингі;-       «Степногорск қаласы Байқоныс ауылын дамыту және салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» жобасы бойынша жалпы түсіндірме жазба;

        

СЭБ материалдарын әзірлеуші: ТОО «Нурлы-ТАН XXI».

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Ақмола облысы Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

СЭБ материалдарын әзірлеуге жауапты: Исаканова А.С.

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Экологиялық саясат департаменті.

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

 

  • жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2045 жыл.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Экологиялық саясат департаменті.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімінің ұзақтығы: 2025 жылғы 7 нарыздан 27 науырызға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні 2025 жылдың 27 наурыз) Байланыс деректері:

 

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі -  Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел.: 8 701-847-2853;  8 (7172) 74-13-83, 74-02-83

e-mail: o.melnik@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz   

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:

- электронды түрде на эл.адрес Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);

- e-mail: o.melnik@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;

- «WhatsApp» номері: 8 701-847-2853 

 

СЭБ бойынша  материалдар:

Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Байқоныс ауылы әкімдігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі).

 

 

 

Скрининг СЭО с.Байконыс
Дата публикации
05 марта 2025