Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне
шағымдану тәртібі туралы ақпарат
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты ақпараттық-анықтамалық қызметінің («электрондық үкімет») 1414, 8-800-080-7777 (қоңырау шалу тегін) бірегей колл-нөмеріне хабарласып білуге болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша: көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкіміне немесе egov.kzпорталға беріледі.
Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
Шағым құзыретіне шағымда қозғалған мәселелерді шешу кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.
Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), көрсетілетін қызметті алушының пошталық мекенжайы, байланыс телефондарының нөмірлері (бар болса), шағымның берілген күні және көрсетілетін қызметті алушының қолы болуға тиіс.
Шағым беру кезінде әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым жасалған лауазымды адамдардың лауазымы, тегі және аты-жөні, шағым беру себептері мен талаптары көрсетілуге тиіс.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберген кезде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымды орындау барысы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің тиісті кеңсесінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде шағымды қарау барысы туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау нәтижесі) көрсетілетін қызметті алушының «жеке шотында» қолжетімді болады.
Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде» көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.