Жергілікті қоғамдастықтың №8 хаттамасы

 

                                                                       БЕКІТЕМІН

                                                                                  Бөгенбай ауылдық

                                                                                        округінің әкімі

                                                                                               _______ Ж. Утисхан

 

 

 

Бөгенбай ауылдық округінің әкімінің қатысуымен жергілікті қоғамдастық мүшелерімен жиынының

ХАТТАМАСЫ №8

 

өткізу орны                                                                Байконыс ауылы

өткізу уақыты                                                            2024 жылдың 19 желтоқсан

                                                                                   15:00 сағат           

 

Төраға: Хауан П. -Бөгенбай ауылдық округінің қоғамдастық мүшелерінің төрағасы;

Хатшы: Медеухан К.- Бөгенбай ауылдық округінің қоғамдастық мүшесі;

 

Қатысқандар: Бөгенбай ауылдық округінің әкімі – Жаныбек Өтісхан, жергілікті қоғамдастық құрамы.

 

Барлығы: 8 адам қатысты

 

 

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Степногорск қаласы бойынша жер комиссиясының құрамына үміткер ұсыну туралы.
  2. «2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан тұжырымдамасын» талқылау.
  3. 2025 жылдың қаражат жобасын талқылау

    1.Бөгенбай ауылдық округінің қоғамдастық мүшелерінің төрағасы Хауан П. жиналысты ашты және Бөгенбай ауылдық округінің әкімі Ж. Өтісханға сөз берді.

       Бірінші мәселе бойынша ауылдық округ әкімі Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес жер комиссиясының құрамына енгізу үшін кандидатура ұсынуды сұрайтынын түсіндірді. Өз кандидатураларыңызды ұсыныңыздар.
Қоғамдастық төрағасы Хауан Пайзолда Төкенова Сәуле Қанжанқызының кандидатурасын ұсынды.

Екінші мәселе бойынша ауылдық округ әкімі қатысушыларды 2024–2029 жылдарға арналған Таза Қазақстан тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Тұжырымдаманы іске асыру халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға, аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға, сондай-ақ тұрғындарды экологиялық іс-шараларға белсенді тартуға бағытталғаны атап өтілді.

Үшінші мәселе бойынша ауылдық округ әкімі тұжырымдаманы 2025 жылға және кейінгі жылдарға іске асыру үшін бюджет қаражаттары келесі бағыттарға қарастырылып отырғанын түсіндірді:

  1. ауылдық округ аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру;
  2. Байқоныс және Бөгенбай ауылдарында көшелерді жарықтандыру орнату;
  3. автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау.

СӨЙЛЕДІ:

  1. Схах М. – халық арасында тазалық пен тәртіпті сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ тұрақты сенбіліктер ұйымдастыру және көшелерді санитарлық тазалау қажеттілігі туралы айтты.
  2. Пчелков И.А. – жастарды, еріктілерді және ұйым ұжымдарын экологиялық акцияларға қатысуға тарту туралы айтты.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

  1. Қоғамдастық мүшелерінің барлығы «Қолдаймын» деп дауыс берді.
  2. Тұжырымдама бойынша ұсынылған ақпарат назарға алынсын.
  3. Ауылда тазалық пен тәртіпті сақтау мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
    Қоғамдастық мүшелерінің ұсыныстары 2025 жылға арналған бюджетті жоспарлау кезінде ескерілді.

 

 

 

Төраға                             П. Хауан

        

 Хатшы                             К. Медеухан

 

 

Протокол местного сообщества
Дата публикации
24 декабря 2024