Құрметті Бестөбе кентінің тұрғындары!
«Бестөбе кентінің әкімінің аппараты» ММ, 2024 жылғы 1 наурызынан бастап 30 наурызға дейін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы 2023 жылғы есептерге көпшілік талқылаулар өтетіні туралы хабарлайды.
Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғаларды, мемлекеттік органдардың өкілдерін, көрсетілетін қызметті алушылар мен олардың өкілдерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, тәуелсіз сарапшыларды және жеке кәсіпкерлік субъектілерін белсенді қатысуға шақырамыз.
2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есептер көпшілік талқылау үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk-bestobe ресми интернет-ресурсында орналасқан.
03.02.2024 ж. Бестөбе кентінде Степногорск қаласының азаматтық қорғанысты қорғау органдарының қызметкерлері Бестөбе кентінің әкімдігі, полиция басқармасы, білім бөлімімен және еріктілермен бірлесіп Бестөбе кентінің тұрғын секторында рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізді, онда аралау кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылды, Степногорск қаласы әкімдігінің қолдауымен улы газ датчиктері тегін орнатылды, мұржаны тазарту, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқаулықтар мен әңгімелер өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/C27V9cfM5Yr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==