Құрметтi азаматтар!
Өтiнiштер, мемлекеттiк билiк органдарының жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекет етуiнiң маңызды құралдарының бiрi болып табылады. Өтiнiштi жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн қорғаудың маңызды институттарының бiрi ретiнде қарастыру қажет. Азаматтардың өтiнiштерi орын алған уақиғалар мен үдерiстер туралы өзiнiң пiкiрiн айту, жетiлдiру бойынша ұсыныс енгiзу және қарапайым тұрғыдан алғанда өзiнiң өзге де құқықтары мен мүдделерiн iске асыру мүмкiндiгi, «керi байланыс» болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың әкiмшiлiк рәсiмдерi, нақтылы регламенттелген және бiр жүйеге келтiрiлген.
Азаматтардыңтікелей және өз өкілдері арқылы өтініш жасау, жеке өтініш жасау, сондай-ақ Қарабұлақ ауылы әкімінің аппаратына жеке және ұжымдық өтініштер жіберу құқығы:
Қарабұлақ ауылы, Сарыарқа көшесі, 24 ғимарат мекенжайы бойынша Қарабұлақ ауылы әкімінің аппаратына жазбаша өтініш беру
Жазбаша өтінішті "Қазпошта"АҚ пошта байланысы арқылы беру
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүзеге асыратын аудио - және бейне ақпарат алмасу және бейне форматтағы бейнеөтініш мүмкіндігімен нақты уақыт режимінде бірнеше қашықтағы абоненттердің интерактивті өзара іс-қимылы үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бейнеконференцбайланыс арқылы жүгіну
Электрондық өтінішті портал арқылы жіберу www.egov.kz
Бестөбе кентінің ресми интернет-ресурсы арқылы өтініш
8 (71645) 43468 телефоны бойынша жеке қабылдауға жазылыңыз