Азаматтар жиынының хаттамасы

Бекітемін

Ақсу кентінің әкімі      ___________М. Смағұлов

 

Азаматтар жиынының хаттамасы

 

 Ақсу кенті                                        10-00 сағат                                04.04.2026 жыл

 

Төрағалық етуші: Ақсу кентінің әкімі - М. Смағұлов

Қатысқандар: Ақсу кентінің полиция басшысы - А.Б. Урустюмов., учаскелік инспекторы – В.В.Ерастов, ветеринариялық станция өкілі – Д. Насс, Алтынтау теміржолы станциясының өкілі – Р.Б. Альмусин, жергілікті қоғамдастық мүшелері, Ақсу кентінің тұрғындары.

Барлығы: - 36 адам   

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны шеңберінде Ақсу кентінің аумағын абаттандыру және санитарлық тазарту жөніндегі айлықты өткізу бойынша.
  2. Мал жаю туралы
  3. Үй жануарларын ұстау және серуендеу ережелері туралы
  4. Этносаралық қатынастар туралы
  5. Ақсу кентінің полиция бөлімшесінің есебі

          Жиналыс барысында Ақсу кентінің әкімі қатысушыларды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақсу кентінің аумағын абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша айлықты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Ақпарат мәліметке алынды.

Екінші мәселе бойынша Ақсу кентінде мал жаюды ұйымдастыру және жайылымдық жерлерді пайдалану қарастырылды. Д.А. Насс ветеринарлық станциясының өкілі жануарларды вакцинациялау және чиптеу туралы хабарлады. Жанат Рахымбердіұлы Шәкірханов кентінің тұрғыны мал жаю бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірді, ай сайынғы төлем ІҚМ бір басы үшін 5000 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, ветеринариялық станциясының өкілі Насс Д.А. үй жануарларын ұстау және жаю ережелерін түсіндірді.

Алтынтау теміржол станциясының өкілі Алмусин Р.Б. малды күтіп-бағу және жаю қағидаларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ елді мекендегі теміржол жолдарында малды қараусыз жіберуге болмайтының, бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін хабарлайды. 

Ақсу кентінің әкімі М.И. Смағұлов кенттегі ұлтаралық қатынастардың қазіргі жағдайы туралы баяндама жасап, ұлттық негіздегі қақтығыстардың жоқтығын және тұрақты жағдай қалыптасқанын атап өтті.

Сондай-ақ, кенттік полиция бөлімінің басшысы Әлібек Байбатырұлы Урустюмов сөз сөйлеп, аумақты аббаттандыру қағидаларын сақтау мәселелері бойынша, атап айтқанда кент көшелеріндегі тазалық пен тәртіпті сақтау, өрт қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету, сондай-ақ үй жануарларын ұстау және жаю ережелері туралы түсіндіріп өтті.

Санитарлық талаптар мен нормалар түсіндірілді, олар орындалмаған жағдайда лауазымды тұлғалар мен азаматтарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылатыны ескертілді.

Сұрақтар:

Сұрақ: О.Л. Крячко – Неліктен тұрғындар М. Жұмабаев көшесіндегі үйлердің сыртына қоқыс шығарады?

Жауап: М.И. Смағұлов – Полиция қызметкерлері заң бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтер жүргізетін болады.

 

Сұрақ: А.А. Айтмаганов – Ашық полигонда мал өлекселерінің көп жиналғаны анықталды.

Жауап: М.И. Смағұлов – Бұл қоқыс полигонын рекультивациялайтын боламыз. Кентте қоқыс тастауға арналған арнайы орын бар.

 

Сұрақ: Т.А. Құдайбергенов – Ж.Жабаев көшесімен «QARABULAQ GOLD» ЖШС бағытына қарай үнемі үлкен жүк көліктері өтіп, шаң көтереді.

Жауап: М.И. Смағұлов – полиция бөліміне бақылауға алу тапсырылады.

 

Сұрақ: Б.М. Нұғыманов – Жайылым ақысы қанша болады? Жайылым қай кезден басталады? Сағат нешеден нешеге дейін жайылады?

Жауап: Ж.Р. Шакирханов – Бір сиырдың құны 5000 теңге, бұзау үшін 2500 теңге. Жайылым 15 сәуірден кейін, күн жылынғанда басталады.          

      

Сұрақ: Б.М. Нұғыманов – Жайлауға (мал) апаруға болады ма және бұл іспен кім айналысады?

Жауап: Ж. Әлімкайдаров – Жайлауға тасымалдау ұйымдастырылады. Қызмет құны  5000 теңге бір басына, бұзау үшін 5000 теңге.

 

Сұрақ: С.Т. Ибраев – бас жолмен жиі ауыр жүк техникалары өтеді, бұл асфальт жабынының бұзылуына әкеліп соғады.   

Жауап: А.Б. Урустюмов – мәселе бақылауға алынады

 

Шешім:

  • Ақсу кенті әкімінің аппараты мал жаю бойынша үш жақты келісім шарт әзірлеп, қол қойылсын. Мал жаю 2026 жылдың 15 сәуірінен басталады.
  • Тұрғындарға аумақтарды тазалау, әктеу және сырлау жұмыстарын жүргізу қажет.
  • Малы бар тұрғындарға үй жануарларын өз бетімен жаюға жол бермеу (ескертіледі)
  • Әкім аппараты мен полиция бөлімі абаттандыру қағидаларының сақталуы бойынша рейд жүргізсін.

 

 

Хаттаманы жүргізген бас маман                                                             А. Исаева

 

 

Дата публикации
20 апреля 2026