2025 жылдың екінші жартыжылдығында халықпен тұрақты
кездесулер барысындағы проблемалық мәселелер жинағы
|
№ п/п |
Тапсырмалар |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
|
|
Ақсу кенті |
|
|||||
|
1. |
Ақсу кентін (Кварцитка, ст. Аксу) орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету туралы |
31.12.2025 жылға дейін |
Игберденов А.К. Смағұлов М.И.
|
Степногорск қаласының құрылыс бөлімі ағымдағы жылдың соңына дейін Ақсу кентінде (Кварцитка, Ақсу ст.) орталық жылумен жабдықтау жүйесін жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтауды жоспарлап отыр. |
|
|
|
2. |
Қоқыс алаңдарын орнату туралы |
01.07. 2026 жылға дейін |
Жекин А.С.
|
"Степногорск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ нұсқамасына сәйкес санитариялық талаптарды сақтау бойынша сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарлануда. Әзірлеу аяқталғаннан кейін жобаны іске асыру үшін бюджеттік сұрау салу қалыптастырылады және жіберіледі. |
|
|
|
3. |
Кеміргіштермен күрес және елді мекенде дератизация жүргізу туралы. |
31.12.2025 жылға дейін |
Жекин А.С.
|
Ақсу кенті әкімінің аппараты ұсыным алу үшін уәкілетті органдарға хат жолдайды Ұсынымды алғаннан кейін іс-шара жоспары жасалады және барлық мүдделі тұлғаларға жеткізіледі. Бұл мәселе бақылауда. |
|
|
|
4. |
Кентті абаттандыру туралы |
тұрақты |
Жекин А.С. Жергілікті қоғамдастық |
Ағымдағы жылы мекемелер мен кәсіпорындардың қатысуымен 16 сенбілік ұйымдастырылып, өткізілді. Сонымен қатар, осы бағытта проблемалар бар, осыған байланысты кент тұрғындарымен абаттандыру ережелерін сақтау және аумақта санитарлық тәртіпті сақтау бойынша жұмысты жандандыру қажет. Ағымдағы жылы абаттандыру ережелерін сақтамағаны үшін 16 тұрғын жауапқа тартылды. |
|
|
|
5. |
Мешітті ағымдағы жөндеу туралы |
31.12.2026 жылға дейін |
Жекин А.С. Солтан Т., Жергілікті қоғамдастық
|
Бұл мәселе жергілікті қоғамдастық жиналысында қаралатын болады |
|
|
|
6. |
Тұрғындардың бақшаларын суару үшін техникалық сумен қамтамасыз ету туралы. |
31.12.2025 жылға дейін |
Байқасов Ф.Е. Смағұлов М.И. Гетманов А.С.
|
Бұл мәселе уәкілетті органдармен қаралатын болады. |
|
|
|
7. |
Ақсу кентінде сатып алынған үйлердің құрылыс бөлшектелген қоқыстарын кәдеге жарату және шығару туралы. |
01.07.2026 жылға дейін |
Жекин А.С. АҚ «АК Алтыналмас» (келісім бойынша) |
Ақсу кентінің аумағын абаттандыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде "Алтыналмас АК " АҚ тұрғын үйлерді сатып алғаннан кейін пайда болған құрылыс қалдықтарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуді жоспарлады. Жұмыс 2026 жылдан басталады. |
|
|
|
8. |
Жер қойнауын пайдаланушылардан кенттің бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту туралы |
31.12.2025 жылға дейін |
Смағұлов М.И. Жергілікті қоғамдастық Мемлекеттік кірістер басқармасы (келісім бойынша) |
Кент бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардың жергілікті бюджетке пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты (ПҚӨС), сондай-ақ кент бюджетіне төленуі тиіс басқа да салықтарды төлеу мәселесін қарастыру қажет. Осыған байланысты осы мәселені пысықтау үшін уәкілетті органдарға жүгіну қажет. |
|
|
|
9. |
"Алтыналмас АК" АҚ компаниясының үйлерді сатып алуы туралы |
тұрақты |
Жекин А.С. АҚ «АК Алтыналмас» (келісім бойынша) |
Ағымдағы жылда "Алтыналмас АК" АҚ компаниясы Әуезов көшесіндегі тұрғын үйлерді сатып алуды жоспарламайды, өйткені әкім аппаратының атына сатып алу туралы тиісті шешім түскен жоқ. Әкім аппаратына келіп түсетін кез келген ақпарат тұрғындарға жеткізілетін болады. Мәселе бақылауда. |
|
|
|
10. |
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы |
тұрақты |
Исаева А.Х Учаскелік инспекторлар Мектеп басшылары |
Жасөспірімдермен тұрақты байланыс орнату мақсатында профилактикалық әңгімелер жүргізеді, сондай-ақ білім беру ұйымдарымен және ата-аналармен өзара іс-қимыл жалғасуда. Мәселе бақылауға алынды. |
|
|