Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы

Бекітемін

Ақсу кентінің әкімі      ___________М. Смағұлов

 

 

Ақсу кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының

хаттамасы

 

 Ақсу кенті                                        15-00 сағат                                20.06.2025 жыл

 

Төрағалық етуші: Ақсу кентінің әкімі - М. Смағұлов

Қатысқандар: Ақсу кентінің жергілікті қоғамдастық мүшелері

Барлығы: - 8 адам 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Қосымша бюджеттік өтінімдер бойынша
  2. Ағымдағы сұрақтар

 

Жиналысты өткізу барысында Ақсу кентінің әкімі Марат Имантайұлы Смағұлов ағымдағы жылдың жұмыс жоспарлары туралы түсінік берді. Жергілікті қоғамдастық мүшелерімен талқылап, барлық мәселелерді қарастыра отырып, Ақсу кентінде келесі жұмыстарды орындауға қосымша бюджеттік өтінім беру туралы келесі ШЕШІМДЕР қабылданды.

ШЕШІМ:

  1. Қалалық мәслихаттың сессиясына көше жарығын ағымдағы жөндеуге, жолдарға тас себуге, Ақсу кентінде жасанды резеңке жол жолағын дайындауға және орнатуға қосымша ақшалай қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім жіберілсін.
  2. Кент ішіндегі автобус маршрутының қозғалысы мәселесі бойынша Степногорск қаласының ТКШ, ЖМ, АҚ және тұрғын үй бөліміне хат жолдау.
  3. Ақсу кентінде бөлек жиындар өткізу.

Ақпарат мәліметке алынды

 

Жергілікті қоғамдастық

жиынының төрағасы                                                                       М. Смағұлов

 

 

Хатшы                                                                                                        А. Исаева

Дата публикации
15 сентября 2025