Бекітемін
Ақсу кентінің әкімі ___________М. Смағұлов
Ақсу кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының
хаттамасы
Ақсу кенті 17-30 сағат 13.02.2025 жыл
Төрағалық етуші: Ақсу кентінің әкімі - М. Смағұлов
Қатысқандар: Ақсу кентінің жергілікті қоғамдастық мүшелері
Барлығы: - 9 адам
КҮН ТӘРТІБІ:
Жиналыс барысында Ақсу кентінің әкімі Марат Имантайұлы Смағұлов атқарылған жұмыстар мен 2025 жылға арналған жоспарлар туралы таныстырды.
Ақпарат назарға алынсын.
ШЕШІМ:
- Ақсу кенті әкімінің аппараты бөлек жиындар (Ақсу, Кварцитка, Станция) өткізу бойынша жоспар кесте әзірлесін - 2025 жылғы 1 наурызға дейін
- Ақсу кенті әкімінің аппараты абаттандыру саласында нақтылауға қосымша бюджеттік өтінім жіберсін - 2025 жылғы 1 наурызға дейін
- Ақсу кенті әкімінің аппараты «Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ–не кент ішіндегі автобус маршрутының қозғалысы жөніндегі мәселені қарау туралы хат жолдасын - 2025 жылғы 1 наурызға дейін
– Ақсу кенті әкімінің аппараты проблемалық мәселелер бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысу үшін «Алтыналмас АК» АҚ компаниясына хат жолдасын - 2025 жылғы 01 наурызға дейін
- Ақсу кенті әкімінің аппараты иттерді аулауға өтінімдер жіберсін, сондай–ақ заңнама шеңберінде Ақсу кенті әкімінің аппаратымен шарт жасасуды 2025 жылғы 1 наурызға дейін қарастырсын
-Ақсу кенті әкімінің аппараты қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды бақылауға алсын.
- Ақсу кенті әкімінің аппараты жол полициясы органдарымен кентке қызмет көрсететін мамандандырылған машиналардың өтуін келіссін. «Ауыр жүк машиналарының кіруіне тыйым салынады» белгісімен жүруге (жолдарды тазалау, көмір жеткізу, отын жеткізу, қоқыс шығару және т. б.)
- Ақсу кенті әкімінің аппараты су тасқынына қарсы іс – шаралар жоспарын жасасын (қарды тазарту, арықтар мен траншеяларды, су өткізу жүйелерін тазарту) - 2025 жылғы 25 ақпанға дейін.
Жергілікті қоғамдастық
жиынының төрағасы М. Смағұлов
Хатшы А. Исаева