Жиын хаттамасы

БЕКІТЕМІН

Ақсу кентінің әкімі ___________М. Смағұлов

 

 

 

Ақсу кентінің азаматтық жиынының

ХАТТАМАСЫ

10-00 сағат                                                                                              05.11.2024 ж

 

Төрағалық етуші:

 

Степногорск қаласының әкімі - А. Қайыржанов

 

Қатысқандар: Ақсу кентінің әкімі – Марат Имантайұлы Смағұлов,  мемлекеттік органдардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, Степногорск қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, «Viamedis» ЖШС басшысы, «Алтыналмас АК» АҚ өкілдері, жергілікті қоғамдастық құрамы және Ақсу кентінің тұрғындары.

 

Барлығы: 93 адам қатысты

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Ақсу кентінің 2024 жылдың 10 айда атқарылған жұмыстары бойынша есебі және перспективалық жоспары туралы.
  2. Ағымдағы сұрақтар

 

Ақсу кентінің әкімі Марат Имантайұлы Смағұлов 2024 жылдың                  10 айда атқарылған жұмыстары бойынша Ақсу кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Сөз барысында атқарылған жұмыстар, аяқталмаған жұмыстар және кенттегі проблемалық мәселелер туралы айтылды.

 

Есеп беру кездесуі барысында келесі сұрақтар келіп түсті:

 

Сұрақ: Вингертер Г.Х. – Қандай ЖСҚ (жобалау сметалық құжаттама) 2025 жылға дайындалуда?

Жауап: Смағұлов М.И. - Қазіргі уақытта 2025 жылға арналған бюджеттік өтінім дайындалуда. Жолдарды орташа жөндеуге, тротуарға, балалар алаңына және т. б. сметалар қалыптастырылуда.

 

Сұрақ: Г.Х. Вингертер – Степногорск қаласының «СПЗ» АҚ әлеуметтік қолдау көрсету шеңберінде Ақсу кентінің проблемалық мәселелерін шешу бойынша жәрдемдесу туралы.

         Жауап: А.К. Кайыржанов – Бұл мәселе қарастырылатын болады

 

         Сұрақ: А. Б. Қасенов - Ақсу кентінде 2025 жылға қандай жұмыстар жоспарлануда? Бюджет қандай сомаға жоспарланған

         Жауап: А.Қ. Қайыржанов – 2025 жылға арналған бюджет қалыптастырылуда, жолдарды жөндеуге, сондай-ақ орталық жылумен жабдықтауды жүргізуге және басқаларға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

 

         Сұрақ: А.Б. Касенов - Дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіледі ме?

         Жауап: А.К. Қайыржанов – Бұл мәселені денсаулық сақтау басқармасы мен «Viamedis» ЖШС қарастырылуда

 

         Сұрақ: А. Б. Қасенов – Ақсу-Заводской-Степногорск № 3 бағыты бойынша қосымша автобус бөлу туралы?

         Жауап: А.Қ. Қайыржанов - Мәселе бағыт қозғалысын жүзеге асыратын компаниясымен қарастырылатын болады.

 

         Сұрақ: Г.Х. Вингертер – Кент ішінара бағытын енгізу туралы

         Жауап: А.К. Қайыржанов – Бұл мәселе бағыт қозғалысын жүзеге асыратын компаниясымен қарастырылатын болады.

        

         Сұрақ: А.С. Сатанова - Қаладан № 2 бағыттың кестесін 7 сағат 30 минутқа өзгертіп Ақсу кентін соңғы аялдамамен бекіту туралы    

         Жауап: А.Қ. Қайыржанов - Бұл мәселе қарастырылатын болады

 

         Сұрақ: О.А. Джағыпаров - Степногорск қаласынан Ақсу кентінің № 1 жалпы білім беретін мектебіне балаларды тасымалдау бойынша

         Жауап: Д. Айтмаганбетов - Бұл мәселе «Алтыналмас АК» АҚ басшылығымен қарастырылатын болады

 

         Сұрақ: К.С. Жакупов - Қалдық қоймасын салу туралы, «Алтыналмас АК» АҚ қалдық қоймасын салуға рұқсат қағазы бар ма және қазіргі уақытта учаскеде қандай жұмыстар жүргізілуде

         Жауап: Д. Айтмағанбетов – Қазіргі уақытта осы жер учаскесінде жер асты суын айдау жүріп жатыр. Қалдық қоймасын салу бойынша жұмыстар жүргізілмейді.  

        

         Сұрақ: Г.Х. Вингертер – «Алтыналмас АК» АҚ қалдық қоймасының орнына барып тексеру актісін жүргізу туралы.

         Жауап: М.И. Смағұлов - Бұл мәселе қарастырылатын болады

 

         Сұрақ: Р.Х. Хозин -  Жер асты сулары үнемі жиналады

         Жауап: А.К. Қайыржанов – Бұл мәселе сол жерге барып қарастырылатын болады.

 

         Сұрақ: С.М. Филипьев – Халық үшін орталықтандырылған кәріз жасау керек  

         Жауап А. К. Қайыржанов - Бұл мәселе қарастырылатын болады

 

         Сұрақ: А.М. Жуганов – Қалдық қоймасының жанындағы дренаждық арықты қалпына келтіру туралы  

         Жауап: А.К. Қайыржанов – Бұл мәселе сол жерге барып қарастырылатын болады

 

         Сұрақ: А.М. Жуганов – «QARABULAK GOLD» ЖШС компаниясымен технологиялық жолда кіру және түсу бойынша жұмыстар жүргізілмеген     

         Жауап: А.К. Қайыржанов - Бұл мәселе сол жерге барып қарастырылатын болады

 

         Сұрақ: С.Т. Ибраев - Екі жыл бойы «Алтыналмас АК» АҚ компаниясы жоғарғы сыныптағы оқушыларды тегін тамақтандыру туралы айтқан болатын, бірақ әлі күнге дейін мәселе шешілмеді

         Жауап: А.К. Қайыржанов - Сіздің сұрағыңыз бақылауға алынып, «Алтыналмас АК» АҚ басшылығына жауап беру туралы хат жолданатын болады.

 

 

Хаттаманы жүргізген бас маман                                                            А. Исаева

Дата публикации
25 ноября 2024