БЕКІТЕМІН
Ақсу кентінің әкімі
___________М. Смағұлов
«АК Алтыналмас» АҚ өкілдерімен кездесу
ХАТТАМАСЫ
«Ақсу кенті әкімінің аппараты» ММ 15-00 сағат 13.02.2024 ж
Төрағалық етуші: Ақсу кентінің әкімі - М. Смағұлов
Қатысқандар: Ақсу ГОК бас директоры – Ж.Ж. Алыбаев, полиция бөлімінің басшысы – Б.Х. Жұмабеков, «Алтыналмас АК» АҚ Ақсу ГОК өкілдері, эко-волонтер – Г.Х. Вингертер.
Барлығы: 10 адам қатысты
КҮН ТӘРТІБІ:
Күн тәртібі бойынша Ақсу кентінің әкімі «Алтыналмас АК» АҚ шахталарындағы жарылыс жұмыстарының әсерінен Кварциткадағы тұрғын үйлерге әсері тигендігіне қатысты келіп түскен өтініштері бойынша сөз сөйледі. Осыған байланысты кент тұрғындары шара қолдану туралы шағымдармен жүгінді.
Ж.Ж. Алыбаев - жарылыс жұмыстары 600 метр тереңдікте жүргізілуде. Кварцитканың астында БЖЖ өткізілетін көкжиектер - жоқ. Сейсмодатчиктерді орнатумен мониторинг жүргізу қажет. Соның нәтижесі бойынша шахтаның БЖЖ қайта қарау туралы шешім қабылдайтын боламыз.
ШЕШТІ:
1) Ақсу ТБК «АК Алтыналмас» АҚ – датчиктерді орната отырып, Кварцитканың тұрғын секторына сейсмика деңгейін өлшеуді жүргізу қажет.
2) Ақсу кенті әкімінің аппаратына – өлшеуге қатысу үшін жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен комиссия құрсын.
Хаттаманы жүргізген А. Исаева