БЕКІТІЛДІ
Степногорск қаласы
Ақсу кентінің әкімі
М.И. Смағұлов___________
2026 жылғы «___» __________
№ ___ өкімімен
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТ
«Ақсу кенті әкімінің аппараты» ММ
- Жалпы ережелер
- Осы «Ақсу кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қызметтік қызметті жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға, заңдылықты, ашықтықты, жариялылықты және адалдықты қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар мен мінез-құлық қағидаларының жүйесін білдіреді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт лауазымдық өкілеттіктері шегінде «Ақсу кенті әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілеріне және өзге де қызметкерлеріне қолданылады.
- Қоғамдық қатынастар саласының атауы
- «Ақсу кенті әкімінің аппараты» ММ қызметі жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттіктерін іске асыруға, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға, азаматтардың өтініштерін қарауға, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, жер қатынастары, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала, іс жүргізу, кадр жұмысы және әкім аппаратының құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша жұмысты ұйымдастыруға байланысты.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші «Ақсу кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі қағидаттары
- Әкім аппаратының қызметкерлері қызметтік қызметін жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
- заңдылық;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
- ашықтық және айқындық;
- адалдық және бейтараптық;
- азаматтарға құрметпен қарау;
- мүдделер қақтығысына жол бермеу;
- барлық азаматтар мен ұйымдарға тең дәрежеде қарау;
- қабылданатын шешімдер мен қызметтік қызмет нәтижелері үшін жауапкершілік.
- Әкім аппараты қызметкерлерінің мінез-құлқы мен іс-қимыл қағидалары
4.1. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
- азаматтармен, ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынас жасау кезінде адал, әділ, сыпайы және әдепті болу;
- бюрократизмге, сөзбұйдаға салуға және өтініштерді қарауды негізсіз созуға жол бермеу;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде уақтылы әрі объективті қарау;
- азаматтардан заңнамада көзделмеген құжаттар мен мәліметтерді талап етпеу;
- мемлекеттік қызметтерді алуға және азаматтардың өз құқықтарын іске асыруына жасанды кедергілер жасамау;
- жеке сипаттағы мәселелерді шешу немесе мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және өзге де тұлғалардың қызметіне заңсыз ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбау;
- дербес деректерді қорғау туралы заңнама талаптарын сақтау және заңда көзделген негіздерсіз азаматтардың жеке өмірі туралы мәліметтерді жария етпеу;
- шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;
- заңды негіздерсіз жекелеген азаматтарға немесе ұйымдарға артықшылық беруге жол бермеу;
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру шараларын қабылдау және халықтың қажеттіліктерін бағдарға алу;
- mүдделер қақтығысы туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дереу шаралар қабылдау.
4.2. Басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:
- тек берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ету;
- лауазымды тұлғалар арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілікті нақты ажыратуды қамтамасыз ету;
- жеке, мүліктік немесе өзге де қызметтік емес мүдделер үшін шешім қабылдауға жол бермеу;
- бағынысты қызметкерлерден олардың лауазымдық өкілеттіктерінен тыс немесе заңнамаға қайшы тапсырмаларды орындауды талап етпеу;
- жекелеген тұлғаларға негізсіз артықшылық беруге жол бермеу;
- кадрларды туыстық, жерлестік, жеке берілгендік және өзге де қызметтік емес өлшемдер бойынша іріктеуге және орналастыруға жол бермеу;
- кадр мәселелерін шешу кезінде меритократия қағидаттарын сақтау;
- қабылданатын шешімдердің объективтілігі мен бейтараптығын қамтамасыз ету;
- өз құзыреті шегінде қабылданған шешімдердің заңдылығы үшін дербес жауапкершілік атқару.
4.3. Жер қатынастары, абаттандыру және мүлік мәселелерін қарау кезінде:
- тек Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алу;
- жеке және заңды тұлғаларға тең әрі объективті көзқарасты қамтамасыз ету;
- жер учаскелерін, мүлікті немесе өзге де артықшылықтарды жеке мүдделер үшін не үшінші тұлғалардың мүддесі үшін беруге жол бермеу;
- жеке пайда алу мақсатында қызметтік ақпаратты пайдаланбау;
- тиісті өкілеттіктер болмаған жағдайда жер учаскелерін беру, мүлікті ресімдеу және өзге де мәселелерді шешу рәсімдеріне араласпау;
- әкім аппаратының құзыреті шегінде қабылданатын шешімдердің ашықтығын және құжаттамалық расталуын қамтамасыз ету.
4.4. Мемлекеттік қызметтер көрсету және халықпен жұмыс істеу кезінде:
- мемлекеттік қызметтерді заңнамада белгіленген мерзімдер мен тәртіпке сәйкес көрсету;
- қызметтік міндеттерді орындағаны үшін заңсыз сыйақы, сыйлық, қызмет немесе өзге де материалдық және материалдық емес игіліктерді талап етпеу;
- жекелеген өтініш берушілерге артықшылықты жағдайлар жасамау;
- азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы дұрыс ақпарат беру;
- мәселені өз құзыреті шегінде шешу мүмкін болмаған жағдайда азаматқа тиісті мемлекеттік органға одан әрі жүгіну тәртібін түсіндіру;
- халыққа қызмет көрсету кезінде дөрекілікке, біржақты көзқарасқа немесе кемсітуге жол бермеу.
4.5. Шешімдер, өкімдер жобаларын және өзге де құжаттарды дайындау кезінде:
- құжаттарды белгіленген құзырет шегінде ғана қабылдау және дайындау;
- құжаттар жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету;
- жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға негізсіз артықшылықтар беретін ережелерді енгізуге жол бермеу;
- сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай жасайтын ережелерді пайдаланбау;
- қабылданатын шешімдердің объективтілігі мен негізділігін қамтамасыз ету;
- келісуші инстанциялар санын негізсіз көбейтуге жол бермеу.
- Қызметтік қызмет барысында туындайтын өзге де өзара қатынастар
Әкім аппаратының қызметкерлері міндетті:
- қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін нақты айқындау;
- жұмыс жүктемесінің әділ әрі біркелкі бөлінуін қамтамасыз ету;
- орындалуы алдын ала мүмкін емес немесе заңсыз өкімдер бермеу;
- бағынысты қызметкерлерді жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеу;
- қызметтік әдеп нормаларын сақтау;
- қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;
- жеке және қызметтік мүдделер қақтығысына жол бермеу;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған кезде оларды өз құзыреті шегінде жою шараларын қабылдау.
- Өзге де шектеулер мен тыйымдар
Әкім аппаратының қызметкерлеріне мыналарға тыйым салынады:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен өзге де теріс қылықтар жасауға;
- қызметтік өкілеттіктерді жеке мүдделерде немесе үшінші тұлғалардың мүдделерінде пайдалануға;
- қызметтік міндеттерін орындауына байланысты сыйлықтарды, ақшалай қаражатты, қызметтерді және өзге де пайда түрлерін талап етуге немесе қабылдауға;
- қызметтік ақпаратты жеке мақсаттарда пайдалануға;
- шешім қабылдау кезінде мүдделер қақтығысына жол беруге және жеке мүдделілігінің бар екенін жасыруға;
- мемлекеттік мүлікті, кеңсе техникасын, автокөлікті және өзге де материалдық құндылықтарды жеке мақсаттарда пайдалануға;
- бюджет қаражаты мен мемлекеттік мүлікті мақсатсыз және тиімсіз пайдалануға;
- өз өкілеттіктерінен тыс басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне араласуға;
- туыстарына, таныстарына, ұйымдарға және өзге де тұлғаларға заңсыз жәрдем көрсетуге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірге қызмет атқаруына жол беруге.
- Әкім аппараты қызметкерлерінің міндеттері
- Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;
- қызметтік тәртіпті сақтау;
- қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы орындау;
- кәсіби деңгейі мен біліктілігін үнемі арттыру;
- жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану;
- мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік мүлікті, автокөлікті, кеңсе техникасын және өзге де материалдық құндылықтарды тек қызметтік мақсаттарда пайдалану;
- қызметтік әдеп нормаларын сақтау;
- Қазақстан халқының мемлекеттік және басқа тілдеріне, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау;
- сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдау.
- Жауапкершілік
- «Ақсу кенті әкімінің аппараты» ММ қызметкерлері осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік органдардың қызметі мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қайта қаралуға және өзектендірілуге жатады.