
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бұл кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамға немесе отбасына ақшалай нысандағы төлем.
Осы Кодекске сәйкес балаларға қосымша төлем 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңіне жүргізіледі.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі-48484 теңге
Кедейлік шегі-33 939 теңге
1 АЕК-3692 теңге
Ақсу кентінде бүгінде 46 адам мүгедек, 27 көпбалалы отбасы, 354 зейнеткер тұрады.
Мүгедектігі бар адамдар үшін тосқауылсыз орта құру мақсатында әлеуметтік объектілерде шақыру түймелері, стационарлық пандустар, тактильді жолақтар және белгілер болады.