Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы «Оқжетпес» балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі» ШЖҚ МКК директоры бос лауазымын иеленуге конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның мекенжайы: 020000, Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 166 «А», dufsh_okzetpes@mail.kz, тел/факс-87162-32-10-31.
Кәсіпорынның негізгі қызметі: Спорттық-сауықтыру нысандарын пайдалану.
Функционалдық міндеттері: Ұйымның өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметтерін ұйымдастырады, қабылданатын шешімдерінің орындалуын, ұйым теңгеріміндегі мүлікін нәтижелі қолданылуы мен түгеддігін, сондай-ақ, оның қызметінің қаржылық- шаруашылық нәтижелігін қамтамасыз етеді; ұйым қызметінің стратегиясы мен саясатының орындалу механизмін анықтайды; оқу-жаттығу мен тәрбиелік үдістердің және т.б. спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық негізін ұйымдастырады және жетілдіреді т.б.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық; мамандығы бойынша, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы.
Конкурсқа қатысушылар білулері тиіс: Конституция; Бюджет кодексі; Еңбек кодексі; "Мемлекеттік мүлік туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдары;
ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды тапсырулары тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурс «Мемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қажетті құжаттар хабалама мерзімді баспа беттеріне шыққан кезден бастап 15 күнтізбелік күн ішінде 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі 11 А, «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мекенжайына ұсынылуы тиіс.
Анықтама телефоны: 8(7162) 762134.
Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тұлғаларды конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамалық шешім қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімдері бекітілгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде конкурс қатысушыларымен әңгімелесу өткізеді.