«Ақмола облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-10/398 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз - релизі
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы аталған қаулы жобасын Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес әзірледі. Жобамен облыстың жетекші спортшыларына қолдау көрсету ұсынылады. Жобамен толығырақ осы сілтеме бойынша «Ашық НҚА» порталында танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7073700.