Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бос лауазымын иеленуге конкурс жариялайды:
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Астрахан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - КММ) директоры.
Мекеменің мекенжайы: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, 9 май көшесі,10.
Лауазымдық міндеттері: Коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастыру және басқару, мекеменің негізгі қызметіне сәйкес функционалдық міндеттері уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету және лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзгелер.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) келесі мамандықтардың бірі бойынша: «Педагогика», «Заңтану», «Экономика», басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуы қажет.
Конкурс қатысушылары білуі тиіс: ҚР заңнамасын және коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі саласында қатынастарды реттейтін ҚР өзге нормативтік құқықтық актілерін.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар, жарнамада көрсетілген қабылдау күнінен бастап, конкурстық комиссияға келесі құжаттарды, құжат тігілетін папкаға тігіп, тапсырулары тиіс:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы қатысушыға құжаттарын қайтарып беруге негіз болады.
Конкурс «Азаматтық қызметші лауазымдық орынды иемденуге байланысты байқау өткізу және азаматтық қызметке келу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қажетті құжаттар хабарлама қазақ және орыс тілдерінде «Арқа ажары» және (немесе) «Акмолинская правда» газеттенінің беттерінде және басқарманың арнайы сайты https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sport шыққан кезден бастап 15 күнтізбелік күн ішінде: 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 11А, «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мекенжайына ұсынылуы тиіс. Анықтама телефоны – 87162762134.
Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тұлғаларды конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамалық шешім қабылдайды және үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғаларды хабарландырады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімдері бекітілгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде конкурс қатысушыларымен әңгімелесу өткізеді.