Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі КММ директорының бос қызмет лауазымына конкурс жариялайды.
Мекеменің мекен-жайы: Ақмола облысы, Кокшетау қаласы, Миржакыпа Дулатова 31 көшесі, индекс 02000, электрондық пошта: dyushakokshe@mail.kz, телефон: 52-03-13.
Мекеменің негізгі қызметі: спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыру, балаларды, жасөспірімдерді, юниорлар мен жастарды спорт түрлері бойынша даярлау мақсатында қосымша білім берудің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру.
Функционалдық міндеттері: ұйымның өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін ұйымдастырады және басқарады, қабылданған шешімдердің орындалуын, ұйым теңгеріміндегі мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін қамтамасыз етеді;
дене шынықтыру-спорт ұйымының қызмет саясатын, стратегиясын және оларды іске асыру тетіктерін айқындайды;
оқу-жаттығу және тәрбие үдерісінің спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді;
дене шынықтыру-спорт ұйымының жұмыс жоспарын, спортшыларды даярлаудың әртүрлі спорттық жетілдіру кезеңдеріне арналған жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді;
жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, нұсқаушылардың, әдіскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт саласындағы шетелдік озық тәжірибені зерделеу бойынша шаралар қабылдайды;
спортшылар контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбие үдерісі кезінде спортшылар және дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасайды;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау үшін жеке жауапкершілік алады;
спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен лаңкестіктің таралуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар; жұмыс өтілі: дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде төрт жыл, не Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін кемінде бес жыл, не Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын аяқтаған тұлғалар үшін дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл, Жұмыс органы бекітетін және кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар;
Конкурсқа қатысушылар білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулы (бұдан әрі - № 1193 Үкіметтің қаулысы);
педагогика, психология және физиология негіздерін;
дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;
еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;
қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарын.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі – конкурс өткізу туралы хабарландыруды тізілімнің веб-порталында және тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурсында жариялаған күннен бастап 7 жұмыс күні. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде:
- мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысының бос қызмет лауазымына қатысу үшін веб-порталда (SPORT BASQARU) электрондық нысанда рәсімделген және ЭЦҚ пайдалану арқылы қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдерінде еркін нысанда рәсімделген түйіндемемен қоса ұсынады.
Тізілімнің веб-порталы "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттары, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы мәліметтерді конкурсқа қатысу туралы өтінішке автоматты түрде тіркейді. Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін тіркейді.
Тізілімнің веб-порталында электрондық өтінішке қоса берілетін құжаттар: Қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме; Жоғары білім туралы диплом; Еңбек қызметін растайтын құжат; Соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама; Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жоқ екендігі туралы анықтама.
Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алмайды: - он сегіз жасқа толмағандар; - бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандар; - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.
Құжаттардың толық топтамасын ұсынбау немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Конкурс 2 (екі) дәйекті кезеңнен тұрады:
1) үміткерлердің құжаттарын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14052 болып тіркелген) біліктілік талаптарына (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік сипаттамалары) және тиісті бос лауазымға қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау;
2) конкурстық комиссия өткізетін үміткерлермен әңгімелесу.
Конкурстық комиссияның шешімі әңгімелесу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ашық дауыс беру арқылы дауыстардың басым көпшілігімен қабылданады.