Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы "Ақкөл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" КММ директорының бос қызмет лауазымына конкурс жариялайды.
Мекеменің мекен-жайы: Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 174, индекс 020100, электрондық пошта: dush_akkol@mail.kz, телефон: 871638-2-17-34.
Мекеменің негізгі қызметі: спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыру, балаларды, жасөспірімдерді, юниорлар мен жастарды спорт түрлері бойынша даярлау мақсатында қосымша білім берудің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру.
Функционалдық міндеттері: ұйымның өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін ұйымдастырады және басқарады, қабылданған шешімдердің орындалуын, ұйым теңгеріміндегі мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін қамтамасыз етеді;
дене шынықтыру-спорт ұйымының қызмет саясатын, стратегиясын және оларды іске асыру тетіктерін айқындайды;
оқу-жаттығу және тәрбие үдерісінің спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді;
дене шынықтыру-спорт ұйымының жұмыс жоспарын, спортшыларды даярлаудың әртүрлі спорттық жетілдіру кезеңдеріне арналған жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді;
жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, нұсқаушылардың, әдіскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт саласындағы шетелдік озық тәжірибені зерделеу бойынша шаралар қабылдайды;
спортшылар контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбие үдерісі кезінде спортшылар және дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасайды;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау үшін жеке жауапкершілік алады;
спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен лаңкестіктің таралуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар; жұмыс өтілі: дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде төрт жыл, не Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін кемінде бес жыл, не Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын аяқтаған тұлғалар үшін дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл, Жұмыс органы бекітетін және кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар;
Конкурсқа қатысушылар білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулы (бұдан әрі - № 1193 Үкіметтің қаулысы);
педагогика, психология және физиология негіздерін;
дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;
еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;
қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарын.
Мемлекеттік мекеме басшысының бос қызмет лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
Құжаттардың толық емес пакетін немесе жалған мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 171 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 264 «Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ресми сайтында хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Момышұлы к-сі, 41, «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мекен-жайы бойынша ұсынылуы тиіс.
Анықтама үшін телефон: 8 (7162) 762134.
Конкурс 2 (екі) кезеңнен тұрады:
1) кандидаттардың құжаттарын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығымен бекітілген «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14052 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік сипаттамалары) бос қызмет лауазымына қойылатын талаптарға сәйкестігін қарау;
2) конкурс комиссиясы өткізетін кандидаттармен әңгімелесу.
Конкурс комиссиясының шешімі әңгімелесу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.