Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

 

«Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызмет көрсетушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

Қоғамдық талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге пайдаланылады.

  1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер.

«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Б. Момышұлы к-сі, 41, 3-қабат мекенжайында орналасқан.

Байланыс телефондары: +7 (7162) 76-34-27, +7 (7162) 76-33-76, e-mail: sport@aqmola.gov.kz, Instagram: akmola_sportlife;

Басқарма басшысы – Төлендин Ардақ Болатұлы.

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есепке (бұдан әрі – Есеп) көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.

Мемлекеттік қызметтерді Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және 30 ведомстволық бағынысты спорт мекемелері көрсетеді.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Қолданыстағы Тізілімге сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 7:

- Дене шынықтыру және спорт басқармасы:

1) «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын, сондай-ақ біліктілік санаттарын беру: жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі»;

2) «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу»;

3) «Спорт мектептеріне «мамандандырылған» және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру»;

4) «Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану».

- Ведомстволық бағынысты ұйымдар:

1) «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне және спортта дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау»;

2) «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;

3) «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау».

Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2025 жылы Басқарма ведомстволық бағынысты ұйымдармен бірлесіп 4719 мемлекеттік қызмет көрсетті.

3) Ерекше сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Ерекше сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау» және «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын, сондай-ақ біліктілік санаттарын беру: жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі».

Атап айтқанда, 2025 жылы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша 3793 қызмет және «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын, сондай-ақ біліктілік санаттарын беру: жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі» мемлекеттік қызметі бойынша 823 қызмет көрсетілді.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетушілердің талаптары мен көрсету тәртібі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен белгіленеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында және ведомстволық бағынысты спорт мекемелерінде көрнекі ақпараттық стендтер (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініш үлгілері және т.б.) орналастырылған.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат танымал әлеуметтік желілердің парақшаларында, БАҚ-да жарияланады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және өзге).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында олардың сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілді:

- басқармада және ведомстволық бағынысты ұйымдарда «egov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының 31 бірлігі ашылды;

- 2025 жылы әлеуметтік желілерде 49 жарияланым орналастырылды, баспа басылымында 1 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде 3 тікелей эфир өткізілді, сондай-ақ 1 телевизиялық эфир ұйымдастырылды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін дамыту және көрсетілетін қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өту ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандар тиісті заңдарды, әдістемелік ұсынымдарды, қағидаларды, стандарттар мен мемлекеттік қызметтер регламенттерін зерделеу арқылы өз білім деңгейін арттыруда.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2025 жыл ішінде Басқармаға қызмет көрсету сапасына қатысты қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері.

2025 жыл ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама нормаларының сақталуын тексеру мақсатында 7 бақылау іс-шарасы өткізілді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және тиімділігін одан әрі жетілдіру перспективалары

         Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2026 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында қызмет көрсетуші ұйымдар қызметкерлеріне арналған кеңес-семинар өткізу;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіру іс-шараларын өткізу;
  3. мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында бақылау іс-шараларын жүргізу;
  4. танымал әлеуметтік желілер арқылы «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алу мүмкіндіктері туралы халықтың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету және ынталандыруды күшейту;
  5. мемлекеттік қызметтердің уақтылы көрсетілуіне күнделікті мониторинг жүргізу;
  6. мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтер алу кезінде қажетті жағдайлар жасау (пандустар, шақыру батырмалары);
  7. қызмет алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштерге негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша толық шаралар қабылдау;
  8. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қолданылатын ескірген компьютерлік техниканы жаңарту.
Дата публикации
27 февраля 2026
Дата обновления
27 февраля 2026
Тип
Есеп

Сейчас читают

Хабарлама
03 сентября 2026
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Мамандандырылған Сандықтау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директорының бос қызмет лауазымына конкурс жариялайды
Хабарлама
03 сентября 2026
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Мамандандырылған Зеренді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директорының бос қызмет лауазымына конкурс жариялайды
Хабарлама
03 сентября 2026
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Қажымұқан атындағы №3 облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ директорының бос қызмет лауазымына конкурс жариялайды.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы