Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

Ақмола облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылады. 

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Көкшетау қаласы, Б. Момышулы көшесі, 41 мекенжайында орналасқан. Байланыс телефондары: +7 (7162) 76-34-27, +7 (7162) 76-33-76, е-mail:  sport@aqmola.gov.kz, Instagram : akmola_sportlife;

Басқарма басшысы – Төлендин Ардақ Болатұлы.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі-есеп) көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.

Мемлекеттік қызметтерді Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және 30 ведомстволық бағынысты спорт мекемелері көрсетеді.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Қолданыстағы Тізілімге сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 7:

- Дене шынықтыру және спорт басқармасы:

1) «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру»;

2) «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу»;

3) «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру»;

4) «Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану»

 

- Ведомстволық бағынысты ұйымдар:

1) «Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылғн мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау»;

2) «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұқаларын беру»;

3) «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау».

Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2024 жылы басқарма ведомстволық бағынысты ұйымдармен бірге 5775 Мемлекеттік қызмет көрсетті.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

«Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» және «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру».

Мәселен, 2024 жылы «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша 4734 Мемлекеттік қызмет көрсетілді және «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру» 966 қызмет көрсетілді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен айқындалады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында және ведомстволық бағынысты спорт мекемелерінде көрнекі ақпараты бар стендтер (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініш үлгілері және т.б.) орналастырылған.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат танымал әлеуметтік желілер, БАҚ беттерінде орналастырылады.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- басқармада және ведомстволық бағынысты ұйымдарда 31 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды «Еgov.kz»;

-  2024 жылы әлеуметтік желілерде 68 жарияланым жарияланды және 6 тікелей эфир өткізілді.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің құзыреттерін дамыту, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерге халықтың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында 1 оқыту семинар-кеңесі өткізілді. Облыстың жергілікті атқарушы органдарының 30 қызметкері оқытумен қамтылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейін арттырады.

 Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2024 жылы басқарманың атына қызмет алушылардан қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама нормаларының сақталуына 5 бақылау іс шарасы өткізілді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға келесі іс шаралар жоспарланған:

  1. мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің қызметкерлеріне арнайы оқыту жүргізу;
  2. мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіру іс-шараларын жүргізу;
  3. мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау іс-шараларын жүргізу;
  4. танымал әлеуметтік желілер, мерзімді баспасөз басылымдары арқылы «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері мен уәждемесін күшейту туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету;
  5. мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг;
  6. мемлекеттік қызметтерді алған кезде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау (пандустар, шақыру түймелері);
  7. көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою жөнінде толық шаралар қабылдау;
  8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылатын ескірген компьютерлік техниканы жаңарту.
Дата публикации
28 февраля 2025
Дата обновления
28 февраля 2025
Тип
Есеп

Сейчас читают

Хабарлама
03 сентября 2026
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Мамандандырылған Сандықтау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директорының бос қызмет лауазымына конкурс жариялайды
Хабарлама
03 сентября 2026
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Мамандандырылған Зеренді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директорының бос қызмет лауазымына конкурс жариялайды
Хабарлама
03 сентября 2026
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Қажымұқан атындағы №3 облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ директорының бос қызмет лауазымына конкурс жариялайды.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы