Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17315 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбын жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды 2025 жыл мынадай нысан бойынша:
|
№ |
Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың.теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың мақсатты тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Мүмкіндігі шектеулі жандар мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін спорт залына баруды қамтамасыз ету жөніндегі жобаны ұйымдастыру |
55080 |
1.Социологиялық зерттеу нәтижелері 2.Үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары |
мүмкіндігі шектеулі және мүмкіндігі шектеулі адамдар |
Халықты кемінде 102 адам қамту |